11.12.2017, 17:49
Оқылды: 25

БҚО әкімдігінде мемлекеттік қызметшілердің этикасы тақырыбында интернет-конференция өтеді

internet-konferentsiya-loo_02017 жылдың 12-ші желтоқсаны күні сағат 10: 00-ден 17:00 аралығында «Мемлекеттік қызметшілердің этикасы мен мінез-құлық нормалары» тақырыбында интернет-конференция өтеді деп хабарлайды облыс әкімдігінің баспасөз қызметі.

Сіздердің сұрақтарыңызға облыс әкімі аппаратының әдеп жөніндегі уәкілі Айгүл Есекенова жауап береді. Интернет-конференция жергілікті уақыт бойынша «dialog.egov.kz/conference/all» сілтемесі бойынша өтеді. Сұрақ қою үшін парақшаға кіріп, мемлекеттік қызметшілердің этикасына қатысты сұрағыңызды қалдыруыңыз керек.

zhaikpress.kz

Узнайте первым о важных новостях Западного Казахстана на нашей странице
в Instagram и нашем Telegram - канале