23.08.2019, 15:45
Оқылды: 365

БҚО әкімі Ақұштап Бақтыгерееваны 75 жасымен құттықтады

   Халықаралық «Алаш» және Мемлекеттік сыйлықтың иегері, ақын Ақұштап Бақтыгереева 75 жасқа толды. Ақынның мерейтойымен облыс әкімі Ғали Есқалиев құттықтап, ықылас гүлін табыстады.

IMG_3994

- Облыс әкімі арнайы құттықтағанына қуаныштымын. Ақ Жайығыма, халқыма рахмет. «...Мен үшін көп ештеңе керегі жоқ, Ақ Жайық жетіп жатыр қызым десе».

Кездесуде жас ұрпақ тәрбиесі, жат ағымға арбалған жастарға дұрыс тәрбие беру, білімді ұрпақ тәрбиелеу туралы айтылды. Табиғат берген дарынды өлтірмей, осы елдің жырын жырлап келгеніме қуанамын да таңғаламын. Хәл-қадырым келгенше халқымның мұңын айттым, жоғын жоқтадым, қуанышына үн қостым. Менін жолым Жайық жастарына өнеге болсын деп өмір сүрдім,- деді Ақұштап Бақтыгереева.

Гүлсезім Бияшева,

Сурет: Эльвира Меңдіғали

 zhaikpress.kz

Батыс Қазақстанның маңызды жаңалықтарын біздің Instagram-дағы парақшамыздан және Telegram арнамыздан алғашқы болып біліңіздер

Узнайте первым о важных новостях Западного Казахстана на нашей странице
в Instagram и нашем Telegram - канале