16.01.2018, 12:52
Оқылды: 60

БҚО әкімі Алтай Көлгінов 16 ақпанда облыс тұрғындарына есеп береді

Қазақстан Республикасы Президентінің «Орталық атқарушы органдар басшыларының, әкімдердің, ұлттық жоғары оқу орындары ректорларының халыққа есеп беру кездесулерін өткізу туралы» 2016 жылғы 5 ақпандағы №190 Жарлығын орындау мақсатында облыс әкімі А.С.Көлгінов 2018 жылдың 16 ақпанында сағат 10.00-де облыс тұрғындарына есеп беру кездесуін өткізеді.

Кездесу «Оқушылар және жастар сарайы» ғимаратында өтеді. Мекен-жайы: Орал қаласы, Московская көшесі, 18.

Тұрғындардың облыс әкімінің есебі бойынша өздерінің ұсыныстарын, ескертпелері мен үнқосуларын Орал қаласы мен аудандарда орнатылған арнайы жәшіктерге салуына, сондай-ақ [email protected] электронды поштасына жолдауына болады.

Ұсыныстар мен ескертпелерді жолдағанда жіберушінің аты-жөні, тұратын мекен-жайы мен байланыс телефоны көрсетілуі керек.

Облыс әкімінің аппараты

 

Узнайте первым о важных новостях Западного Казахстана на нашей странице
в Instagram и нашем Telegram - канале