29.08.2018, 12:51
Оқылды: 59

БҚО әкімі аппаратының басшысы ауысты

БҚО әкімі Алтай Көлгінов аппарат жиналысында облыс әкімі аппаратының жаңа басшысын таныстырды. Бұған дейін Батыс Қазақстан облысы әкімі аппаратына басшылық жасаған Қанат Қанаевтың ҚР Президенті Әкімшілігінің мемлекеттік инспекторы қызметіне ауысуына байланысты орнына жаңа басшы келді.

ҚР Президенті Әкімшілігінің келісімі бойынша Батыс Қазақстан облысы әкімінің өкімімен Исақұлов Рахымжан Ержанұлы облыс әкімі аппаратының басшысы болып тағайындалды. Білімі  - жоғары. «Болашақ» бағдарламасымен Роял Холловей Лондон университетін «экономика және менеджмент бакалавры» мамандығы бойынша тәмамдаған. Жас көшбасшылар бағдарламасы аясында Жапония үкіметінің гранты негізінде Саяси зерттеулер ұлттық институтының «мемлекеттік басқару магистрі» мамандығында оқыды. ҚР Президенті Әкімшілігінде әртүрлі қызметтер атқарған. Бұған дейін ҚР Президенті Әкімшілігі мемлекеттік бақылау және аумақтық-ұйымдастыру жұмысы бөлімінде мемлекеттік инспектор қызметін атқарды.

Қанат Шәріпұлы Қанаевтың атқарған қызметі үшін алғысын білдірген облыс әкімі Алтай Көлгінов «2016 жылдың мамыр айынан бері облыс әкімі аппаратының басшысы болған Қ.Қанаев қызмет атқарған уақытта Елбасының кадр таңдаудағы талаптары, атап айтар болсақ, меритократия қағидасы қатаң сақталып, «орталық-өңір», «өңір-орталық» және облыс орталығы-аудандар» ротациялау жүйесі сәтті жүзеге асырылды» деп атап өтті.

Айта кетейік, осы аралықта мемлекеттік органдарға 100-ге жуық, оның ішінде облыс әкімі аппаратының 32 қызметкері басшылық лауазымға осы қағидаттарға сай тағайындалды. Қызметі бойынша жоғарылаған азаматтардың 95 проценті жергілікті кадрлар.

zhaikpress.kz

 

Узнайте первым о важных новостях Западного Казахстана на нашей странице
в Instagram и нашем Telegram - канале