18.11.2019, 18:12
Оқылды: 126

БҚО әкімі аралас жекпе-жектен әлем чемпиондарымен кездесті

9Бүгін облыс әкімі Ғали Есқалиев FightNights әлем чемпионы Жалғас Жұмағұлов, M-1 әлем чемпиондары Сергей Морозов және UFC жауынгері Дамир Исмағұловпен кездесті.

akim foto (3)

– Аралас жекпе-жек түрлері жылдан жылға танымал болып келеді. Оған жастар белсенді қатысады. Бұл спорт түрінде қатаң талап қойылады. Бірақ қатігездік жоқ. Жекпе-жекте сіздер шайқас тәртібін сақтай отырып, қарсыласты құрметтей білумен ерекшеленесіздер. Аралас жекпе-жектен сабақ алу үлкен еңбекқорлықты, шыдамдылықты, қайсарлықты, табандылықты қажет етеді. Әлемдік турнирлердің жеңісті шайқастарында еліміздің туын көтеретін лайықты спортшыларды қабылдағанымызға өте қуаныштымыз, - деді Ғали Есқалиев.

akim foto (1)

Облыс әкімі спортшыларды демалыс күндері өткен самбо күнімен құттықтады. Самбо – аралас жекпе-жектің негізін қалаған спорт түрінің бірі. Кездесу барысында самбоны олимпиадалық спорт түрі ретінде ресми мақұлдауға қатысты келіссөздер жүргізіліп жатқандығы айтылды.

akim foto (8)

Әлем чемпиондары жалпы еліміз де, оның ішінде біздің облыста аралас жекпе-жек кең таралған спорт түріне айналғанын атап өтті. Әр ұрыста спортшы мығым ерік-жігері мен жеңіске деген құштарлығы арқасында табысқа кенеле алады. Мысалы, жерлесіміз Жалғас Жұмағұловтың Али Багаутиновпен, чемпондық атағын қорғағанда даңқты жауынгер Сергей Морозовтың ресейлік Александром Осетровпен және америкалық Джош Реттингхаузоммен кездесуі жанкүйерлер есінде сақталғаны анық. Ал Дамир Исмағұловтың UFC турнирінде Тиагу Мойзис, Хоэль Альварес және Алексом Горджиспен кездесіп, шаршы алаңда жасындай жарқылдағаны мәлім.

akim foto (4)

Біздің облыста 1000-ға жуық жас аралас жекпе-жек түрлерімен айналысады. Мәселен, 2018 жылы Бэйхрейнде өткен әуесқойлар арасындағы әлем чемпионатында екі спортшымыз – Әліби Теміртасов пен Нұржамал Садықова қола жүлдеге ие болды.Әкім қабылдауына дейін атақты чемпиондар облыстық отбасылық үлгідегі балалар ауылының тәрбиленушілерімен кездескен еді. Жігіттер өздерінің жетістіктері туралы ғана емес, жеңіске жеткізетін жол жайында баяндаған. Олардың айтуынша, жеңісті армандаған адам шыңды бағындыра алады. Ол үшін тәртіпке бой ұсынып, спорт ережелерін сақтауға мұқият болу керек. – Сіздердің жеңістеріңіз жастарды шабыттандырады. Олардың көкірегіне сенім ұялатады. Қиындықты жеңуге және жоғары жетістікке жетуге серпін береді. Спортты және салауатты өмір салтын ұстанатын жастардың мақсатына айқындай түсуге ықпал етеді, - деді облыс әкімі.Кездесу соңында Ғали Есқалиев әлем чемпиондарына зор денсаулық және табысты жеңіс тіледі. 

суретке түсірген Мейірбек Тажкуранов

zhaikpress.kz

Батыс Қазақстанның маңызды жаңалықтарын біздің Instagram-дағы парақшамыздан және Telegram арнамыздан алғашқы болып біліңіздер

akim foto (8) akim foto (9)

 

 

Узнайте первым о важных новостях Западного Казахстана на нашей странице
в Instagram и нашем Telegram - канале