10.07.2019, 10:41
Оқылды: 69

БҚО әкімі «Батыс су арнасының» жұмысымен танысты

Өңір басшысы Ғали Есқалиев «Батыс су арнасы» ЖШС жұмысымен танысты.

Batys su arnasy (2)

Батыс Қазақстан облысы əкімінің жұртшылықпен байланыс жөніндегі қызметінің хабарлауынша, су тазарту құрылғылары тексеріліп, су тазарту және жаңа су тазарту құрылғының құрылысына байланысты өзекті мәселелер талқыланды. Оған қоса, кәріз-тазарту құрылысындағы жөндеу жұмыстарының орындалуын тексерді. Кәсіпорынның жұмысымен танысқан облыс әкімі қала әкімдігі, қоғамдық өкіл В.Мұқатаев, коммуналдық қызметтің атқарушы компаниясы өкілдерінің қатысуымен жиын өткізді. Кездесуде халықты қыс және жаз айларында сумен қамту мәселесі көтерілді.

Ол үшін магистральдық құбырларды ауыстыру, жаңа ұңғымаларды бұрғылау және басқа да бірқатар құрылысты жүргізукерек. Өңір басшысы басқарушы компанияға және қала басшылығына осы жұмыстарды атқаруды тапсырып, қысқа дейін аяқталуы тиіс екендігін айтты.

Batys su arnasy (3)

Отырыста қаралған екінші мәселе, халықты таза ауыз сумен қамтамасыз ету үшін ірі инвестициялық жобаларды жүзеге асыру. Қазіргі су көлемі халықтың қажеттілігін өтемейді. Осы орайда «Батыс су арнасы» ЖШС-ға бюджет шығынын төмендетіп, сумен қамтамасыз етуге тиісті ұсыныс әзірлеу тапсырылды.

Batys su arnasy (4)

Үшінші мәселе суды үнемдеу жобасына арналды. Өңір басшысы басқарушы компания басшылығының назарын су үнемдеу бағдарламасын ұсынып, ауыз суды коммерциялық мақсатта (бау-бақшаларды суару, көлік, басқа да құралдарды жуу және тағы басқаға) пайдаланып жатқан абоненттер үшін дифференциалды тариф енгізіп, су есептегіш құралмен қамтамасыз етуді жүктеді.

Batys su arnasy (5)

zhaikpress.kz

Узнайте первым о важных новостях Западного Казахстана на нашей странице
в Instagram и нашем Telegram - канале