15.11.2019, 19:11
Оқылды: 602

БҚО әкімі білім саласының өкілдерімен кездесті

Бүгін облыс әкімі Ғали Есқалиев өңірдегі білім беру саласының өкілдерімен кездесті.

foto (5)

-Тəуелсіздік алған жылдар ішінде егемен еліміздің, қоғамымыздың əлеуметтік-саяси жəне басқа да салаларында түбегейлі өзгерістер болды. Соның бірі — білім беру саласы. Қай кезеңде болмасын жас ұрпаққа білім мен тəрбие беру қоғам алдындағы ең маңызды, жауапты іс болып қала береді. Қазіргі білім беру жүйесінің мақсаты — бəсекеге қабілетті маман даярлау. Осы орайда білім беру саласының қызметкерлері мен ардагерлерінің басын қосып, өзекті мәселелерді талқылауды жөн көрдік. Облысымыздың білім беру саласы бойынша толғандыратын мәселелер жоқ емес. Айта кетсек, үш ауысымды мектептер, мектептердегі бухгалтерлік есепті орталықтандыру, күрделі жөндеуді қажет ететін мектептер бар. Колледж студенттеріне жатақхана салу мәселесі де өзекті. Болашақта 300 орындық жатақханалар бой көтереді,- деді алғы сөзінде облыс әкімі Ғали Есқалиев.

foto (3)

Облыстық білім басқармасының басшысы Айымгүл Тржанованың айтуынша, мектепке дейінгі білім беру жүйесі 30 мың баланы қамтиды. 500-ден астам мектепке дейінгі ұйым бар. Мектепке дейінгі ұйымдардың жетіспеуі Орал және Ақсай қалаларында байқалады. Облыста 208 124 оқушы, 324 мектеп бар. Жалпы орта білім беретін мектептерде 13 мыңнан астам ұстаз еңбек етеді.

Сондай-ақ жиында Орал қаласындағы апатты жағдайдағы №8 мектептің құрылысы төңірегінде, STEM зертханалары туралы, оқытушылар мен оқушыларға арналған гранттар туралы жан-жақты талқыланды.

сурет Мейірбек Тажкуранов

zhaikpress.kz

foto (1)foto (2)foto (4)

Батыс Қазақстанның маңызды жаңалықтарын біздің Instagram-дағы парақшамыздан және Telegram арнамыздан алғашқы болып біліңіздер

 

Узнайте первым о важных новостях Западного Казахстана на нашей странице
в Instagram и нашем Telegram - канале