19.08.2019, 11:47
Оқылды: 279

БҚО әкімі Ғали Есқалиев «100 сауда орны» жобасын көпшіліктің талқысына ұсынды

Жобаны Батыс Қазақстан облысының әкімі Ғали Есқалиев өзінің Facebook-тегі парақшасына жариялады.

«Мемлекеттің басты міндеттерінің бірі – азаматтарға өз бизнесін ашуға және табыс табуға мүмкіндік беру. Менің WhatsApp нөміріме және азаматтарды жеке мәселелері бойынша қабылдау кезінде көше сауда нүктелерін орнату үшін жер телімдерін берудің ашық тетігін жасау туралы ұсыныстар келіп түсті. Сондай-ақ, кейбір сауда нысандары заңсыз орнатылғаны туралы, олардың заңсыз жұмысына кейбір шенеуніктер мен т.б. тұлғалар ықпал етеді деген шағымдар айтылды. Сонымен қатар, мұндай нысандардың сыртқы келбеті біздің қаламыздың көркін бұзып жатыр. Осыған орай, бұл мәселелерді шешу мақсатында «100 сауда орны» жобасы әзірленді», - деп мәлімдеді облыс әкімі.

карта

Жобада көше саудасы мен қызметтердің мынадай негізгі түрлері қарастырылған: көкөністер мен жемістерді сату, дайын өнімдерді сату (сусындар, балмұздақ, фастфуд), тамақ өнімдерін сату (нан-тоқаш, бакалея өнімдері), гүлдерді сату, газеттік, кәдесый өнімдерін сату, техникалық қызмет көрсету, тұрмыстық қызметтер.

Барлық нысандар Орал қаласының сәулет бөлімімен келісілген стандартқа сәйкес болуы тиіс. Нұсқалық стандарттар «Орал» әлеуметтік-кәсіпкерлік корпорациясы» АҚ (облыс әкімдігінің 100% компаниясы болып табылады) сайтында орналасқан.

 

Жер телімдерін аукцион арқылы беру механизмі (2 нұсқа):

1-ші нұсқа. Орал қаласының әкімдігі «Орал» ӘКК» АҚ-на уақытша өтеулі жер пайдалану құқығы негізіндегі шарт жасасу жолымен жер телімдерін ұсынады;

«Орал» ӘКК» АҚ веб-сайттарда және әлеуметтік желілерде электрондық сауда алаңында аукцион өткізу туралы хабарландыру орналастырады және аукцион өткізеді;

Конкурс жеңімпазымен сенімгерлік басқару шарты жасалады.

 

2-ші нұсқа. Кәсіпкер «Орал» ӘКК» АҚ-на өтініш және оған қызығушылық танытқан жер телімінің сызбасын ұсынады;

«Орал» ӘКК» АҚ өтінішті қарайды және жер телімін таңдау актісін Орал қаласының әкімдігіне келісу үшін жолдайды;

Жер телімін таңдау актісі оң келісілген жағдайда, Орал қаласының әкімдігі «Орал» ӘКК» АҚ-на уақытша өтеулі жер пайдалану құқығы негізіндегі шарт жасасу жолымен жер телімін ұсынады;

«Орал» ӘКК» АҚ веб-сайттарда және әлеуметтік желілерде электрондық сауда алаңында аукцион өткізу туралы хабарландыру орналастырады және аукцион өткізеді;

Конкурс жеңімпазымен сенімгерлік басқару шарты жасалады.

Бірінші аукционды ағымдағы жылдың қыркүйегінде www.zem.kz порталында өткізу жоспарлануда. Толық ақпаратты (жер телімін беру ережесі және аукцион өткізу мерзімдері туралы) «Орал» ӘКК» АҚ-ның www.oral-spk.kz сайтынан алуға болады.

Барлық сұрақтар бойынша келесі мекен-жайға хабарласуға болады: Орал қаласы, Чагано-Набережная көшесі, 84, 2-ші қабат, тел: 8 (7112) 24-59-47 (іш.107) (жұмыс күндері сағат 9:00-ден 18:30-ға дейін).

Бірінші аукционға 6 жер телімін орналастыру жоспарлануда. Олар:

- Орал қаласы, Құрманғазы көшесі, 173Б, жалпы алаңы – 0,0020 га;
- Орал қаласы, Құрманғазы көшесі, 173 В, жалпы алаңы – 0,0020 га;
- Орал қаласы, 1-ші Завокзальный тупик көшесі, 61А, жалпы алаңы – 0,0020 га;
Орал қаласы, Д. Қонаев шағын ауданы, 20А, жалпы алаңы – 0,0020 га;
- Орал қаласы, Ружейников көшесі, 12А, жалпы алаңы – 0,0020 га;
- Орал қаласы, Н.Назарбаев даңғылы, 220, жалпы алаңы – 0,0020 га.

 

Жобаға ұсынылған жер телімдерінің картадағы бейнесі мына сілтемеде.

Нұрлыбек Нұрланұлы

zhaikpress.kz

Батыс Қазақстанның маңызды жаңалықтарын біздің Instagram-дағы парақшамыздан және Telegram арнамыздан алғашқы болып біліңіздер

 

 

Узнайте первым о важных новостях Западного Казахстана на нашей странице
в Instagram и нашем Telegram - канале