15.02.2020, 10:35
Оқылды: 175

БҚО әкімі Ғали Есқалиевтің есептік кездесуі өтуде

БҚО әкімі Ғали Есқалиевтің халық алдындағы есептік кездесуі басталды. Кездесуге Қазақстан Республикасы Президенті Әкімшілігінің мемлекеттік инспекторы Дәурен Байтөлешов, облыстық басқарма, департамент басшылары, қала тұрғындары мен БАҚ өкілдері қатысуда. Есептік жиын «AQJAIYQ» телеарнасынан тікелей эфирде көрсетілуде.

1eabcee0-dde5-4a36-abc2-c31173d9c0e3

Облыс әкімі есептік баяндамасын өңірдің экономикасынан бастады. Әкімнің айтуынша, БҚО-да өткен жылы ауыл шаруашылығына салынған инвестициялар 16 млрд. теңгені құрады. Бұл 2018 жылмен салыстырғанда 2 есеге көп.

Казталов және Тасқала аудандарында 10 мың басқа арналған мал бордақылау алаңдары іске қосылды. Осы жылы Теректі ауданында 3мың басқа арналған бордақылау алаңы пайдалануға беріледі.

Орал қаласында қуаттылығы ауысымына 600 дана құрайтын мал терілерін қайта өңдейтін цех ашуды және 10 мың тонна өнім алуға арналған 2 жылыжайды іске қосуды жоспарланды.

Облыстың мал шаруашылығын дамыту және жайылымдарды суландыру үшін ұзындығы 180 шақырым құрайтын Киров-Шежін каналы салынды.

Енді Жайық өзеніндегі су деңгейі төмендеген кезде каналды сумен толтыру үшін Көшім ауылының маңында су тартқыш насостық қоңдырғы орнатылатын болады.

Әлеуметтік маңызы бар азық-түлік тауарларына бағаны тежеу және олардың өсу себептерін азайту үшін өткен жылы 300-ге жуық ауылшаруашылық жәрмеңкесі өткізілді.

Жергілікті тауар өндірушілеріне тікелей сату үшін сауда орындарын берілді. Осы сауда орындарында облыс тұрғындарына әлеуметтік маңызы бар азық-түлік тауарлары нарықтық бағадан 10-15%-ға төмен бағамен сатылуда.

Орал қаласында биыл 2 ірі жылыжайды іске қосуды жоспарлануда. Жылыжайлар іске қосылғанда тауар өндірушілерге делдалсыз тікелей сатуға павильондар беріледі.

zhaikpress.kz

Батыс Қазақстанның маңызды жаңалықтарын біздің Instagram-дағы парақшамыздан және Telegram арнамыздан алғашқы болып біліңіздер

Узнайте первым о важных новостях Западного Казахстана на нашей странице
в Instagram и нашем Telegram - канале