5.01.2021, 18:10
Оқылды: 425

БҚО әкімі Ғ.Есқалиев Жәнібек, Бөкей ордасы, Жаңақала аудандарына барды

Батыс Қазақстан облысының әкімі Ғ.Есқалиев Жәнібек, Бөкей ордасы, Жаңақала аудандарына жасаған іс сапары барысында бірқатар нысандардың тыныс-тіршілігімен танысты.

 жән 2

Облыс әкімі Ғали Есқалиев Жәнібек ауданы Жақсыбай ауылдық округінде болған кезінде ауылдағы М.Ықсанов атындағы жалпы білім беретін орта мектеп-балабақша кешеніне барды.

Білім ордасы туралы өңір басшысына мектеп директоры Мейірбек Сарнаулов пен Жәнібек аудандық білім беру бөлімінің басшысы Бағида Сарбалина баяндап берді.

жән 3

Мектеп ғимараты былтыр ғана күрделі жөндеуден өткен. Іші де керемет. Жарқыраған спорт залда үстел теннисімен шұғылданып жатқан жігіттерді сөзге тартқан Ғали Нәжімеденұлы әңгіме арасында ауылдағы бірден-бір іргелі мекеме – мектеп екендігін, сондықтан ауыл жастарының осында келіп, спортпен шұғылдануларына мүмкіндік беру керектігін баса айтты.

жән 4

Мектеп директорының айтуынша, жаңа оқу жылында 1-сыныпқа 20 оқушы қабылданған. Күрделі жөндеуден кейін, яғни ІІ тоқсаннан жұмысын бастаған мектепте бүгінгі таңда 195 оқушы дәстүрлі түрде білім алуда. Оларға 46 мұғалім дәріс беруде.

Мектептің жөнделуіне көңілі толған облыс басшысы алдағы уақытта аталмыш білім ордасынан «Алтын белгі» иегерлерін күтетіндігін жасырмады.

жән6

Облыс басшысы Ғали Есқалиев Бөкей ордасы ауданына жасаған сапарында Хан ордасы ауылындағы Жәңгір хан атындағы орта мектептің жағдайымен танысты.

1985 жылы салынған ғимарат соңғы рет 2007 жылы жөндеуден өткен.

орда 9

Мектептің жағдайымен етене танысқан өңір басшысы күрделі жөндеу жұмыстарын жүргізу қажеттілігін айтты. Дегенмен 1, 2-қабаттардың кафельдерін ауыстырмай, қаражат үнемдеп, назарды асхана мен әжетханаға аудару керектігін тілге тиек етті.

- Қазіргі кезде жөндеу жұмыстарының қаншаға шығатындығы белгісіз. Қаңтар айының 20-сы күні арнайы сараптама жасалады. Сол кезде жұмсалатын қаржы сомасы нақтыланады, - дейді Бөкей ордасы аудандық білім беру бөлімінің басшысы Нұркен Сабиров.

орда10

Облыс әкімі күні кеше ғана күрделі жөндеуден өткен «Ақбота» бөбекжайына да арнайы бас сұқты.

1983 жылы салынған балабақша сонау тоқырау кезеңінде жабылып, 2004 жылы қайтадан пайдалануға берілген. 2012 жылы кішігірім жөндеу жұмыстары жасалып, шатыры ауыстырылған. Биыл «Жиенбай» ЖШС 125 млн 381 мың теңгеге күрделі жөндеуден өткізді. Атап айтқанда, едені, жылыту жүйесі ауыстырылды, ішкі әжетхана іске қосылды.

орда 1

- Ғимаратымыз түгел жаңартылды. Бұрын бес топ жұмыс жасаса, енді алты топ қабылдап отырмыз. Топ саны артқан соң, қызметкерлер қатары да алты адамға еселенді.

«Жиенбай» ЖШС-нің сапалы жұмысына дән ризамыз. Тек ғимаратымыз жөнделіп қоймай, жергілікті бюджеттен 15 миллион теңге бөлініп, жиһазымыз, төсек жабдықтарымыз, ыдыс-аяқтарымыз бен ойыншықтарымызға дейін жаңартылды. Ойын алаңы да жаңаланды. Көзімізді қуантып, жұмысымызға серпін беріп тұр. Бізден талап етілері – тек белсенді жұмыс қана, - дейді бөбекжай директоры Аягөз Түсіпқалиева.

орда 2

Одан соң облыс басшысы Ғ.Есқалиев облыстық Хан ордасы тарихи-музей кешенінде болып, этнотуризмді дамыту жоба-жоспарларымен танысты.

Кешен басшысы Ғайса Махимов Хан ордасы ауылының жанындағы қарағай орманының 24 га аумағын туризмді дамыту мақсатында іске қосуды ұсынды.

орда6

Мекеме басшысының жоспары бойынша бұл аумақта сауықтыру кешені, спорт кешені және қонақ үйі салу көзделген.

Сонымен қатар, аталмыш жобада атқора және түйеқора да қарастырылған. Жылқы мен түйені тек туристік маршрутқа ғана емес, жалпы өнімдерін сауықтыру мақсатындағы өндіруге болады деді. Жобада сордың тұзында емдік мақсатта пайдалану көзделген.

орда 5

Облыс басшысы жалпы жоспардың қолдауға тұрарлық екендігін мақұлдады. Алайда жобаны бірден іске асыру оңай шаруа емес екендігін жеткізді.

Облыс басшысы Ғали Есқалиев Жаңақала ауданына жасаған іс сапар аясында Пятимар ауылдық округінде болып, өткен жылы күрделі жөндеуден өткен Пятимар орта мектебінің жай-күйімен танысты.

жаңа2

Айта кетерлігі, Пятимар орта мектебіне 2020 жылдың мамыр-қазан айларында «Қалдығайты» ЖШС күрделі жөндеу жұмыстарын жүргізген болатын. Жоба құны – 364 168 53648 теңге.

Бүгінгі таңда орта мектепте 197 оқушы білім алуда. Мектеп жанында шағын балабақша, жатақхана жұмыс істеуде. Мектеп толықтай жаңа жиһаздармен, қажетті ноутбук-компьютерлермен қамтылған. Мектептің қауіпсіздігін қамтамасыз ету мақсатында 35 бейнекамера орнатылған.

жаңа3

Алыстан менмұндалап тұрған білім ордасының көрікті келбетіне куә болған облыс әкімі Ғ.Есқалиев Пятимар орта мектебінің директоры Жанар Батырова бастаған ұжымға толағай табыс тілеп, «Оқушыларыңыз білім бәсекесінде топ жарып, биіктен көрінсін!» деген ізгі тілегін білдірді.

жаңа4

Одан соң облыс әкімі Ғали Есқалиев Мәстексай ауылдық округіне арнайы атбасын бұрып, ауданның бірқатар шаруа қожалықтары жетекшілерімен кездесті.

жаңа1

Бұл кездесуде қожалық басшылары мал азығы, су, басқа да түйткілді мәселелерді көтерді. Шаруа қожалығы басшыларының уәждерін мұқият тыңдаған облыс әкімі Ғ.Нәжімеденұлы олардың талап-тілектері ескерілетіндігін айтып, жұмыстанатындығын жеткізді.

 

zhaikpress.kz

Узнайте первым о важных новостях Западного Казахстана на нашей странице
в Instagram и нашем Telegram - канале