19.07.2018, 19:03
Оқылды: 43

БҚО әкімі «Қазпошта» АҚ басқарма төрағасымен кездесті

Бүгін облыс әкімі Алтай Көлгінов «Қазпошта» АҚ басқарма төрағасы Сәкен Сәрсеновпен кездесті, деп хабарлайды облыс әкімінің баспасөз қызметі.

Kazpost SarsenovКездесу барысында компанияның қызметі, даму стратегиясы және басым бағыттары талқыланды. Басқарма төрағасы С.Сәрсеновтің айтуынша, компания азаматтардың өмірін жеңілдету мақсатында жаңа сандық технологияларды енгізумен, онлайн-қызметтерді дамыту және т.б. жұмыс түрлерімен айналысуда.

Kazpost Sarsenov (1)«Қазпошта» АҚ пошта, қаржы және логистикалық қызмет көрсететін ұлттық пошта байланысының операторы болып табылады. Халыққа, әрбір тұрғын үшін компания қызметінің маңызы зор, атқарар ісі ауқымды. Біз сіздермен бірге халыққа, әсіресе, шалғайдағы ауылдық елді мекендердің тұрғындарына, қызмет көрсетудің сапасын жақсарту бойынша тиісті жұмыстарды жалғастыратын боламыз», - деді облыс әкімі.

Сондай-ақ кездесу барысында басқарма төрағасы С.Сәрсенов франчайзинг желілерді жүзеге асыру арқылы компания аймақтағы қызмет көрсету орындарының санын көбейтуді жоспарлап отырғанын атап өтті. Шалғай елді мекендерде бұл жобаны іске асыру кез келген адамға пошта қызметін қолдануға мүмкіндік береді. Қазіргі уақытта облыс орталығында франчайзинг жобасы аясында 2 желі жұмыс істейді.

Өз кезегінде өңір басшысы аймақтағы франчайзингті дамыту мүмкіндіктерін атап өтті. Кездесу соңында облыс әкімі жауапты тұлғаларға пошта байланысы саласындағы инновациялық және цифрлық технологияларды енгізу бойынша тиісті тапсырмалар берді.

ФОТО: Александр Куприенко

zhaikpress.kz

 

 

Узнайте первым о важных новостях Западного Казахстана на нашей странице
в Instagram и нашем Telegram - канале