16.11.2017, 12:39
Оқылды: 26

БҚО әкімі өңір қаржыгерлерін құттықтады

img_1787Батыс Қазақстан облысының әкімі Алтай Көлгінов өңір қаржыгерлерін кәсіби мерекелерімен құттықтап, үздік қызметкерлерді марапаттады.

Салтанатты шараға екінші деңгейлі банктердің облыстық филиалы  басшылары, мемлекеттік қаржы-экономикалық мекемелердің қызметкерлері және сала ардагерлері шақырылды.

- Қоғам нақты қызмет ететін қаржы саласынсыз дами алмайды. Өйткені, ол әлеуметтік және саяси тұрақтылықтың кепілі болады. Және бұл тұрақтылық сіздің әрқайсыңызға байланысты. Баршаңызды кәсіби мерекелеріңізбен құттықтап, игілік пен табыс тілеймін, - деді облыс әкімі.

Бұл күні әкімнің алғыс хатын сала ардагері Асқар Хамитов, қазынашылық департаменті басшысының орынбасары Арман Балғайшиев, Ұлттық банктің облыстық филиалы директоры орынбасары Сергей Родин, «Қазақстан халық банкі» АҚ филиалы директоры Вадим Каблов, «ForteBank» АҚ филиалы директоры Сәкен Назаров, «ЦентрКредит Банкі» АҚ филиалы директоры Ғарифолла Сүйербаевтар ие болды.

Әріптестерін айтулы мейраммен құттықтауға қаржы саласының ардагерлері А.Хамитов және Б.Ізбасаров, ҚР Ұлттық банкі облыстық филиалы директоры Қозыбақ Құлбарақов, қазынашылық департаменті басшысы Дархан Қуанышев шықты. Олар ұлттық валютаның енгізілуі туралы қызықты деректер келтірді. Мәселен, алғашқы банкноттар Орал қаласына 18 рейс арқылы жеткізіліп, осы жерден ғана бүкіл өңірге таралғанын біреу білсе, біреу білмес. Сонымен қатар біздің валюта 2014, 2015, 2016 жылдары әлем бойынша ең әдемі валюта атанған екен.

Қаржыгерлердің бас қосуы шағын мерекелік концертке ұласты.

 Айнагүл Бектемірова

zhaikpress.kz

 

Узнайте первым о важных новостях Западного Казахстана на нашей странице
в Instagram и нашем Telegram - канале