12.08.2019, 9:33
Оқылды: 234

БҚО әкімі өңір тұрғындарын Құрбан айтпен құттықтады

Құрметті батысқазақстандық мұсылман қауым!
Қадірлі бауырлар!

Сіздерді әлемнің барша мұсылмандарының аса ұлық мейрамы Құрбан айтпен шын жүректен құттықтаймын!

Бұл күні әлем мұсылмандары бір-бірін құттықтап, арада болған өкпе-ренішті ұмытып, шаттыққа бөленіп, қуанышқа кенеледі.

WhatsApp Image 2019-08-11 at 09.44.56

Құрбан айт мейрамы бірлік пен ынтымаққа, өзара сыйластық пен татулыққа, достық пен қайырымдылықа шақырады. Бұрынғылар «Алтау ала болса, ауыздағы кетеді, төртеу түгел болса, төбедегі келеді» деген екен. Сүттей ұйыған бірлігімізге, ұлтаралық сыйластық пен дінаралық татулығымызға теріс пиғылдылардың іріткі салуына жол бермейік.

Бәрiмiздiң де арман-аңсарымыз – жемісті еңбек, берекелi тұрмыс, бақытты өмір. Ендеше, аспанымыз ашық, айналамыз түгел аман болып, бірлігіміз бекемденіп, берекеміз еселеніп, ынтымағымыз нығайып, ырысымыз молая бергей.

Қадірлі өңір тұрғындары! Құрбан айт мерекесі халқымызға бейбітшілік, жерімізге құт-береке, әр шаңыраққа амандық әкелсін! Құрбан айт мерекесі құтты болсын!

Батыс Қазақстан облысының әкімі Ғали Есқалиев

Узнайте первым о важных новостях Западного Казахстана на нашей странице
в Instagram и нашем Telegram - канале