24.06.2019, 11:48
Оқылды: 200

БҚО әкімі өңірді дамытуға қатысты халықтан ұсыныстар қабылдауға дайын екенін айтты

Батыс Қазақстан облысының әкімі Ғали Есқалиев Facebook желісіндегі жеке парақшасында: "Менің жеке мобильдік номерім +77017776037. What's app арқылы, аймағымыздың дамуы бойынша нақты ұсыныстарыңызды бере аласыз" деп жазды.

tagaiyndau

"Өңіріміздің дамуына сөзбен емес, нақты іспен үлес қосуға даяр азаматтарды байқадым. Бізге жақсы ұсыныстар келіп түсуде, соның ішінде басқа өңірлерде тұратыр жерлестеріміздің белсенділігі басым. Мысалы, Беларусь елінде тұратын Әлімжан деген азамат Орал қаласын дамыту тұжырымдамасын жіберді. Онда қала бюджетінің үлкен шығынсыз жүзеге асыруға болатын көптеген жақсы идеялар бар. Облысымыздың стратегиясы, мал шаруашылығының дамуы, шағын және орта бизнес және т.б. ұсыныстар да бар. Келіп түскен ұсыныстарды ескере отырып, өзгерістерді енгізу бойынша тапсырмаларды да бердім. Мәселен, жол қауіпсіздігі, жасыл желектердің жаңа түрлеріне көшу, көпқабатты тұрғын үйлердің бірінші қабаттарында балабақша мен емханаларды орналастыру, "Таза ауыл" тұжырымдамасы, қадағалаусыз мал жайғаны үшін жауапкершілікті арттыру бойынша және т.б. Осы орайда, барлық ұсыныс-пікірлерді конструктивті талқылау үшін бірлесіп жұмыс атқаруға ниеті бар азаматтар [email protected] поштасына хат жолдауды сұраймыз" деп жазған Ғали Есқалиев облыс әкімі лауазымындағы жұмыстың бірінші аптасында әлеуметтік желі арқылы халықтан көптеген құттықтау мен тілектер алғанын айтып, алғыс айтты. 

Ал тұрғындардың өзінің ұсынысы бар хатты мынадай форматта жазуын сұрады: "Хат жолында - "Өңірге көмектескім келеді". Сосын хатта: қай аудан/қаладан, қандай саланы талқылауға дайынсыз; қай саланың маманысыз немесе сарапшысысыз (өңірдің даму стратегиясы, мемлекеттік және мұнайгаз саласындағы жергілікті мазмұнды арттыру, ауыл шаруашылығы, цифрландыру, урбанистика, қауіпсіз жол, жобалық менеджмент және т.б.), байланыс (толық аты-жөніңізді, электронды пошта мен телефон нөмерді) көрсету. Облыс әкімі барлық ұсыныстарды талдайтын арнайы топ құрылатынын жеткізді. 

zhaikpress.kz

Узнайте первым о важных новостях Западного Казахстана на нашей странице
в Instagram и нашем Telegram - канале