7.03.2017, 14:46
Оқылды: 54

БҚО әкімі өңірдің белсенді әйелдерін құттықтады

8 наурыз Халықаралық әйелдер мерекесі қарсаңында Салтанат сарайында Батыс Қазақстан облысының әкімі Алтай Көлгінов түрлі салада қызмет ететін өңірдің белсенді әйелдерін, сонымен қатар соғыс ардагерлерін қабылдап, құрмет көрсетті.


- Шуақты көктем мерекесі қарсаңында сіздердің аялы алақаныңыз бен жылы жүрегіңіз үшін алғыс білдіремін. Бұл мейрам бізге қоғамдағы әйелдің рөлін тағы бір айқындауға мүмкіндік береді, - деді өңір басшысы. - Жыл өткен сайын өңірімізде атқарушы және құзырлы органдарда басшылық қызметтегі әйелдер саны артып келеді (134 басшы әйел). Ал дүниеге көп бала әкеліп, тәрбиелеп отырған асыл аналардың саны облысымызда 8 мыңнан асады.

Өңір басшысы сонымен қатар 2016 жылдан ҚР Президенті Жарлығымен ҚР 2030 жылға дейінгі отбасылық және гендерлік саясат тұжырымдамасының бекітілгенін атап өтті.

ҚР Президенті жанындағы әйелдер ісі және отбасылық-демографиялық саясат жөніндегі ұлттық комиссия төрайымының орынбасары Елена Тарасенконың айтуынша, соңғы 10 жылда елімізде бала туу көрсеткіші 42 есеге өскен.

Бұл қоғамымыздағы әлеуметтік ахуалдың түзелгенін көрсетсе керек, деді Е.Тарасенко.

Айналаға шуағын сеуіп, нұрын шашып келген көктемнің сәулелі мерекесіне орай бас қосқан нәзік жандыларға естелік сыйлықтар табыс етілді.

zhaikpress.kz

Узнайте первым о важных новостях Западного Казахстана на нашей странице
в Instagram и нашем Telegram - канале