11.05.2017, 9:19
Оқылды: 63

БҚО әкімі өз қаражатына емхана салған кәсіпкерге алғыс айтты

medҚазталов ауданына жұмыс сапары барысында облыс басшысы Алтай Көлгінов Сарықұдық ауылына ат басын бұрды.


Жаңадан ашылған медициналық пунктке арнайы барып, жұмысымен танысты. Айта кетейік, бұл емхананың осы ауылдың төл перзенті Нұрлыбай Жолдыбаев өз қаражатына салған. Сондай-ақ бұл азамат ауылдағы Ұлы Отан соғысында қаза тапқан боздақтарға арналған ескерткіш тақтаны жаңартып, елдің алғысына бөленді.

Өңір басшысы Нұрлыбай Жолдыбаевтың туған ауылын көркейтудегі тағылымды еңбегіне алғысын айтып, тұрғындарға үлгі етті.

Гүлсезім Бияшева

zhaikpress.kz

med (2)

med (1)

Узнайте первым о важных новостях Западного Казахстана на нашей странице
в Instagram и нашем Telegram - канале