4.10.2018, 11:36
Оқылды: 53

БҚО әкімі сыбайлас жемқорлыққа қарсы бірлесіп күресуге шақырды

Батыс Қазақстан облысының әкімі Алтай Көлгінов бұл үндеуді сыбайлас жемқорлықтың алдын алу мәселелеріне арналған жиында жасады. Облыс басшысы барлық мемлекеттік органдардың басшыларын, барлық деңгейдегі әкімдерді, сондай-ақ облыс  тұрғындарын сыбайлас жемқорлыққа қарсы бірлесіп күресуге шақырды.

Kulginov

БҚО әкімі Алтай Сейдірұлының үндеуінде былай делінген: "Халықтың билікке деген сенімі әрбір мемлекеттік қызметкердің жауапкершілігінен басталады. Мемлекеттік қызметкер өзінің кәсіби міндетін мінсіз атқарумен қатар, әділдік пен қарапайымдылықтың үлгісі болып, ел мүддесі жолында адал еңбек етуі тиіс.

Елбасы Нұрсұлтан Назарбаев сыбайлас жемқорлықпен күрес тұтастай қоғамның басты міндеті екенін айрықша атап көрсетті. Ең алдымен әр азамат өзінен бастауы керек. Қырағы бола отырып, сыбайлас жемқорлықтың барлық түрлеріне нөлдік төзімділікті таныту тиіс.

Әрбір басшы сыбайлас жемқорлық қаупін алдын алу үшін өз қызметкерлерімен түсіндіру жұмыстарын жүргізуге міндетті. Орын алған әр жемқорлық мемлекеттік қызметкердің абыройына нұқсан келтіріп, қоғамның сеніміне селкеу түсіреді.

Пара бермеу және пара алмау, парақорлардың алдауына түспеу, заңды бұзбау - бұл еліміздің әр азаматының өмірлік қағидатына, берік ұстанымына айналуы тиіс. Намыс, ар-ұят, отансүйгіштік және азаматтық борыш, міне, қазақстандықтардың басты құндылығы осылар.

Қазақстан қазір тек жаңғыруды ғана емес, әлеуметтік, мемлекеттік және экономикалық іргетастардың түбегейлі өзгерісін бастан кешуде. Сондықтан бүгінде әр адамның азаматтық ұстанымы аса маңызды. Сыбайлас жемқорлыққа қарсы күрес - парақорлықтан және жемқорлықтан азат қоғамда өмір сүргісі келетін әр адамның және бар адамның азаматтық борышы, келешек ұрпақ алдындағы парызы. Аса қауіпті әлеуметтік індетке айналған жемқорлықты тек күш-жігерді біріктіру арқылы ғана бірге жеңе аламыз".

 IMG_7245

Батыс Қазақстанның маңызды жаңалықтары біздің Telegram-парақшамызда. Жазылыңыздар!

Узнайте первым о важных новостях Западного Казахстана на нашей странице
в Instagram и нашем Telegram - канале