3.12.2019, 22:07
Оқылды: 233

БҚО әкімі жас әнші Ержан Максиммен кездесті

Бүгін облыс әкімі Ғали Есқалиев талантты, жас әнші, ел мақтанышы Ержан Максиммен кездесті. Ержан кездесуге анасы Гүлмира Әлібекпен бірге келді.

erzhan maksim (1)

Облыс әкімі Ғали Есқалиев "Ең бастысы, сен біз үшін жеңімпазсың. Сол жердегі әділқазылардың қорытындысы бойынша сен алда болдың. Туған елің әркез сені қолдайды. Сол күні де халық уақытпен санаспай саған қолдау көрсетті. Біз сенің жаңа биіктерді бағындыруыңа тілекшіміз" деп, сөзін сабақтаған облыс әкімі ел намысын қорғаған жас өнерпазға сыйлық табыс етті.

Ержанның анасы Гүлмира ұлының өнеріне қолдау көрсетіп жүрген облыс басшылығына шынайы ризашылығын білдірді.

Айта кетейік, қазір Ержан Максим БҚО әкімдігінің қолдауымен Мәскеудегі танымал композитор, продюсер Игорь Крутойдың академиясында білім алуда.

Алдағы жылы Польшада және Орал қаласында үлкен концерт беру жас әншінің негізгі жоспарларының бірі.

Айта кетейік, биыл "Junior Eurovision" байқауы 17-ші рет ұйымдастырылса, Қазақстан екінші рет қатысты.

Байрақты сайыста Ержан Максимге қазылар алқасы ең жоғары ұпай берді. Ал көрермен берген дауыспен қосқанда екінші орынға ие болды.
Халықаралық байқауда Ержан сөзін Данияр Алдабергенов, музыкасын Хамит Шаңғалиев жазған"Арманыңнан қалма" әнін орындады.

Гүлжамал Кенжеғали,
Сурет Мейірбек Тажкуранов
zhaikpress.kz

Батыс Қазақстанның маңызды жаңалықтарын біздің Instagram-дағы парақшамыздан және Telegram арнамыздан алғашқы болып біліңіздер

Узнайте первым о важных новостях Западного Казахстана на нашей странице
в Instagram и нашем Telegram - канале