27.04.2018, 13:38
Оқылды: 64

БҚО әкімі жұмыс сапарымен Хельсинкиге барды

Altay Kulginov fin (2)Батыс Қазақстан облысының әкімі Алтай Көлгінов жұмыс сапарымен Хельсинкиге барды. Сапардың мақсаты - финдердің инфрақұрылымды дамытуда технологияларды қолдануы, оның ішінде қоршаған ортаны қорғау және тұрмыстық қалдықтарды қайта өңдеу бағытындағы тәжірибелерін сараптау.

Жұмыс сапары барысында әкім Финляндия СІМ мемлекеттік хатшысы орынбасары М.Кейняненмен кездесті. Онда облыс әкімі Батыс Қазақстан облысы бойынша атқарылып жатқан шаралар Елбасы белгілеген стратегиялық тапсырмалар аясында жүзеге асып жатқанын айтты.

Шара барысында Финляндияның «VTT» технологиялық зерттеулер орталығының мамандары жасақтаған тұжырымдамалар таныстырылды. Әкім бұл сапарда сондай-ақ тұрмыстық қалдықтарды өңдеу орталығына бас сұқты.

FinКездесу барысында Хельсинки мен Батыс Қазақстан әкімдігінің, Фин «Бизнес-хаб» жобасы, «Collaprime» компаниясы арасында ынтамақтастық жөніндегі келісімге қол қойылды. Бұл өз кезегінде екі тараптың «ЭКСПО-2017» көрмесі кезіндегі келісімінің келесі маңызды қадамы болып есептеледі. Айта кетейік, бұған дейінгі БҚО әкімдігі мен «Collaprime» компаниясы арасындағы келісім 3D-жобалау бағытында колледж мұғалімдерінің біліктілігін арттыруға бағытталған еді.

Қос тарап финдік BIM-технологиялары мен 3D-жобалау технологиясы облыстың инфрақұрылымы мен құрылысы саласына оң әсерін тигізетініне сенім білдіретінін жеткізді. Айта кету керек, «Collaprime» 2016 жылы Финляндияның BIM-технологиялары бойынша үздік компаниясы атанған.

zhaikpress.kz

Узнайте первым о важных новостях Западного Казахстана на нашей странице
в Instagram и нашем Telegram - канале