31.12.2018, 23:59
Оқылды: 400

БҚО әкімінің жаңа жылмен құттықтауы

Құрметті батысқазақстандықтар! Баршаңызды Жаңа жыл мерекесімен шын жүректен құттықтаймын! 2018 жыл Ақ Жайық өңірі үшін жетістігі мол жыл болды. Өтіп бара жатқан жылда бәріміз бірге алға қойған мақсаттарға қол жеткіздік. Елбасы Нұрсұлтан Әбішұлы Назарбаевтың мемлекеттік бағдарламаларының жүзеге асуы және өңіріміздің әрбір азаматының еңбегі халықтың өмір сүру сапасын арттырды.

Altai Kolginov

         Осы жылы облысымызда 450 шақырым жол салынды, 55 елді мекен таза ауыз сумен қамтылды, 44 елді мекенге көгілдір отын жетпек. Тұрғын үйдің қолжетімділігін арттыру бағытында нақты қадам жасалды. 430 мыңға жуық шаршы метр тұрғын үй салынды. Бұл дегеніміз 3500 отбасының қоныстой қуанышы. Экономиканың барлық саласында қарқынды даму мен нақты нәтиже бар. Қадірменді ағайын! Келер 2019 жылы алға қойған мақсат-міндеттерімізді, ауқымды жоспарларды бірлесіп жүзеге асырайық.

         Жаңа жыл бізге жақсылыққа толы игі істер әкеліп, әрқайсыңызға жаңа мүмкіндіктер ашылсын. Әрбір шаңырақта бақыт, амандық пен құт-береке орнасын, еліміз өркендей берсін.

         Сіздерге зор денсаулық, молшылық пен бар жақсылықты тілеймін.

         Жаңа жыл құтты болсын!

Игі тілекпен, Батыс Қазақстан

облысының әкімі Алтай Көлгінов

Узнайте первым о важных новостях Западного Казахстана на нашей странице
в Instagram и нашем Telegram - канале