10.08.2017, 14:07
Оқылды: 73

БҚО әкімінің орынбасары танымал жазушыларды қабылдады

dosanov (1)Бүгін облыс әкімінің орынбасары Марат Тоғжанов жазушы, ҚР еңбек сіңірген қайраткері, халықаралық М.Шолохов атындағы сыйлықтын лауреаты, профессор Сәбит Досанов пен прозаик, драматург, қоғам қайраткері, КСРО Жазушылар одагының мүшесі Алтыншаш Жағанованы қабылдады.


Айта кетсек, Сәбит Досановты қалың оқырман "Қайырлы таң", "Жанр тағдыры", "Сексен бестің көктемі", "Адаспандар, адамдар" кітабы мен "Жиырмасыншы ғасыр" романы аркылы етене таныс болса, Алтыншаш Қайыржанқызын " Ақ қоян - құмай тазы", " Еркетотай", "Тентектер", "Шалуня" әңгіме-повестері мен "Бәрі де анадан басталады", "Жан алқымда", " Беймаза әйел", "Нөсер" пьесалары арқылы жақсы біледі.

dosanovСондай-ақ басқосуға халықаралық "Алаш" сыйлығының лауреаты, ақын Ақұштап Бақтыгереева мен айтыскер ақын Бауыржан Халиолла қатысты. Емен-жарқын кездесу барысында облыс әкімінің орынбасары Марат Тоғжанов арнайы келген қонақтарға алғысын айтып, шығармашылық табыс тілеп, гүл шоқтарын ұсынды.

Шырайлы басқосудан соң  қонақтар Қадыр Мырза Әлі атындағы мәдениет және өнер орталығында болатын Қазақстан Жазушылар одағының мүшесі, журналист-жазушы Бақтығұл Ойшыбаевты еске алуға арналған кешке аттанды.

Гүлсезім Бияшева

zhaikpress.kz

Узнайте первым о важных новостях Западного Казахстана на нашей странице
в Instagram и нашем Telegram - канале