17.10.2017, 12:33
Оқылды: 62

БҚО әкімінің жаңа орынбасары тағайындалды  

AE3I5604-интБүгін облыс әкімі А.Көлгінов облыс активіне Қазақстан Республикасы Президенті Әкімшілігінің келісімімен  жəне  орталықтан өңірге ротация принципіне сәйкес әлеуметтік мәселелер жөніндегі жаңа орынбасары Оспанқұлов Ғабидолла Абдоллаұлын таныстырды, деп хабарлайды БҚО әкімінің баспасөз қызметі.


 Оспанқұлов Ғабидолла Абдоллаұлы 36 жаста. Білімі жоғары. 2002 жылы Қазақ гуманитарлық заң университетін, 2007 жылы Қазақстан-Ресей университетін Астана қаласында бітірген.

2015 жылы «Мемлекеттік басқару» мамандығы бойынша Бирмингем университетінің (Ұлыбритания) магистр дәрежесін алды.

Еңбек жолын «Евразия Консалтинг» жеке компаниясында заңгер көмекшісі болып бастаған.

IMG_9016Бұдан кейін ҚР Парламенті Сенаты депутатының көмекшісі;

  • ҚР Парламенті Сенатының Әлеуметтік-мәдени даму комитетімен байланыстар бөлімінің бас консультанты;
  • ҚР Президенті Әкімшілігінінің Парламенттегі Президент өкілдігінің сектор меңгерушісі;
  • Павлодар облысы Екібастұз қаласы әкімінің әлеуметтік мәселелер жөніндегі орынбасары;
  • Павлодар облысының білім беру саласында бақылау департаментінің директоры;
  • ҚР Білім және ғылым министрлігінің Әкімшілік жұмыстар және жастар істері жөніндегі департаментінің директоры;
  • ҚР Білім және ғылым министрлігі Жастар істері комитетінің төрағасы;

Бүгінге дейін ҚР Дін істері және азаматтық қоғам министрлігінің Жастар саясаты департаментінің директоры болып істеді.

zhaikpress.kz

 

 

Узнайте первым о важных новостях Западного Казахстана на нашей странице
в Instagram и нашем Telegram - канале