1.07.2019, 16:04
Оқылды: 748

БҚО әкімінің жаңа орынбасары тағайындалды

Бүгін Батыс Қазақстан облысының әкімі Ғали Есқалиев аппарат жиналысында өзінің жаңа орынбасарын таныстырды, деп хабарлайды Батыс Қазақстан облысы əкімінің жұртшылықпен байланыс жөніндегі қызметі.

 amanzhol

«100 нақты қадам» – Ұлт жоспарында көрсетілген меритократия қағидасына сәйкес ҚР Президенті Әкімшілігі келісімімен және әкімнің өкімімен Батыс Қазақстан облысы әкімінің орынбасары болып Аманжол Алиханұлы Алпысбаев тағайындалды.

Аманжол Алиханұлы Алпысбаев – 1971 жылы туған, білімі жоғары.

Алматы технологиялық институын «инженер-технолог», Қарағанды экономикалық университетін «салық және салық салу» мамандықтары бойынша бітірген.

Әр жылдары:

- ҚР Қаржы министрлігінің құрылымдық бөлімшелерінде.

- ҚР Табиғи монополияларды реттеу агенттігінің Қостанай облысы бойынша басқармасының бастығы, Ақмола облысы бойынша департаментінің директоры.

- ҚР Табиғи монополияларды реттеу агенттігінің департамент директоры, төрағасының орынбасары қызметтерін атқарды.

Осы тағайындауға дейін Нұр-Сұлтан қаласы әкімдігінде жұмыс істеді.

Ол сәулет, қала құрылысы және құрылыс, тұрғын үй-коммуналдық шаруашылық саласындағы стратегиялық жоспарлау, тарифтік саясат, мемлекеттік-жеке меншік әріптестіктің дамуы, мемлекеттік сатып алу, табиғатты пайдалану, жануарлар мен өсімдік әлемін қорғау мәселелеріне жетекшілік етеді.

 

Узнайте первым о важных новостях Западного Казахстана на нашей странице
в Instagram и нашем Telegram - канале