12.12.2019, 17:58
Оқылды: 74

БҚО Ассамблеясының мүшелері марапатталды

ҚР Тәуелсіздігі күні мерекесі қарсаңында ел бірлігін нығайтуға, мәдениетаралық диалогты дамытуға және қазақстандық патриотизмді қалыптастыруға елеулі үлес қосқан БҚО-дағы бірқатар Қазақстан халқы Ассамблеясының мүшесі марапатталды.

assambleiya marapat (1)

Қазақстан халқы Ассамблеясының Кеңесі шешімімен Қазақстан халқы ассамблеясының «Бірлік» алтын медалі» қоғамдық медалімен Батыс Қазақстан облысы қазақтарының «Ағайын» этномәдени бірлестігі» ҚБ төрағасы Мақсот Берген, «Бірлік» әзербайжан мәдени-ағарту қоғамы ҚБ-нің мүшесі Анвар Агаев, Батыс Қазақстан облыстық Қазақстан халқы ассамблеясы хатшылығының меңгерушісі Ғайса Қапаков,  Қазақстан халқы Ассамблеясының Құрмет грамотасымен «Хаймат» Орал немістерінің мәдени-ағарту қоғамы» ҚБ төрағасы Геннадий Франк, Қазақстан халқы Ассамблеясының Алғыс хатымен Батыс Қазақстан облысы әкімі аппараты «Қоғамдық келісім» КММ басшысының орынбасары Жамал Ихсанова,  «Қоғамдық келісім» КММ аға кеңесшісі Айсұлу Мұқатаева марапатталды. Шешімге Қазақстан халқы Ассамблеясының төрағасы Нұрсұлтан Назарбаевтың қолы қойылған.

assambleiya marapat (3)

Сондай-ақ Қазақстан халқы Ассамблеясының Төрағасының орынбасары Жансейіт Түймебаевтың алғыс хатымен  Батыс Қазақстан облысы Қазақстан халқы ассамблеясы Аналар кеңесінің төрайымы Шалқыма Құрманалина, «Юнисерв» ЖШС-ның бөлім басшысы Әлия Масалимова, Қазақстан Республикасының мемлекеттік хатшысы Қырымбек Көшербаевтың алғыс хатымен «Масис» армян этномәдени бірлестігі» ҚБ төрағасы Аветик Амирханян марапатталды.

assambleiya marapat (12)

Марапаттарды БҚО әкімі, Батыс Қазақстан облыстық Қазақстан халқы ассамблеясының төрағасы Ғали Есқалиев табыстады.

zhaikpress.kz

Батыс Қазақстанның маңызды жаңалықтарын біздің Instagram-дағы парақшамыздан және Telegram арнамыздан алғашқы болып біліңіздер

Узнайте первым о важных новостях Западного Казахстана на нашей странице
в Instagram и нашем Telegram - канале