28.09.2018, 14:11
Оқылды: 66

БҚО аудандарында тұрғын үй құрылысы қарқын алмақ

Бүгін облыстық мәслихаттың кезекті 19-шы сессиясында ҚР Бюджет кодексінің талаптарына сәйкес, Елбасының Қазақстан халқына жолдауының басым бағыттары және Президенттің бес әлеуметтік бастамасы негізінде 2018 жылға арналған облыс бюджеті нақтыланды.  Сессия жұмысына облыс әкімі Алтай Көлгінов қатысты.

 sessia (1)Облыстық экономика және бюджеттік жоспарлау басқармасының басшысы Қайсар Маңқараевтың мәлімдеуінше, әлеуметтік салаға бағытталған 301 млн теңге шамасындағы қаражаттың негізгі бөлігі Қазталов және Сырым аудандарындағы мәдениет үйлерінің құрылысын жалғастыруға және Қазталов ауданындағы музыкалық мектептің құрылысын аяқтауға жұмсалмақ. Сонымен қатар тұрғын үй құрылысына 321,8 млн теңге қаражат жолданбақ. Соның ішінде Теректі және Тасқала аудандарында көппәтерлі тұрғын үйлер құрылысын жалғастыруға 180 млн теңге бөлінбек. Оған қоса 141,8 млн теңге қаражат Тасқала, Қазталов аудандарында және Орал қаласында үш нысанның құрылысын аяқтауға қарастырылды. Ал инженерлік-коммуникациялық инфрақұрылымды  дамытуға жұмсалатын 132,2 млн теңге қаржы есебінен Ақжайық, Бөкей ордасы, Жәнібек, Қаратөбе, Қазталов аудандары мен облыс орталығындақолға алынған жобаларды аяқтау көзделіп отыр. Облысымыздың алты ауданында сумен жабдықтау және су бұру жүйелерін дамытуға 308,6 млн теңге қарастырылды. Сонымен қатар, Бөкей ордасы ауданының Әжен және Кеңой ауылдарындағы су құбырының құрылысы да осы қаражат есебінен аяқталмақ.

Ауылдық елді мекендерді газбен жабдықтау жұмыстары да оңды жалғасын таппақ. Бұл мақсатқа 351,7 млн теңге жоспарланып, Бөкей ордасы, Жәнібек, Қаратөбе, Сырым, Жаңақала және Шыңғырлау аудандарындағы 11 елдімекен мен 32 әлеуметтік нысанды табиғи отынмен қамтамасыз ету жұмыстары қорытындыланбақ. Сондай-ақ нақтыланған қаражат есебінен Ақжайық және Қазталов аудандарының ауылішілік жолдарын күрделі жөндеуді аяқтауға 93 млн теңгеден астам қаражат бағытталды. Жалпы, қазіргі таңда облыстық бюджет кірістер мен шығыстар бойынша 137,2 млрд теңгені құрайды.

Динара ЖҰМАБЕКҚЫЗЫ

zhaikpress.kz

Узнайте первым о важных новостях Западного Казахстана на нашей странице
в Instagram и нашем Telegram - канале