30.06.2020, 16:27
Оқылды: 271

БҚО білім басқармасына жаңа басшы тағайындалды

Облыс әкімінің өкімімен және Білім және ғылым министрлігінің келісімімен Батыс Қазақстан облысы білім басқармасының басшысы лауазымына Айгүл Әділгерейқызы Мыңбаева тағайындалды.

FA89FADA-22A2-4CB4-9135-E36F937E4733

Айгүл Әділгерейқызы – 1963 жылы туған. Білімі жоғары. А.С. Пушкин атындағы Орал педагогикалық институтын «математика және физика мұғалімі» мамандығы бойынша тәмамдаған.

Әр жылдары:

- Фурманов ауданы Саралжын орта мектебінің физика және математика мұғалімі;

- Орал аграрлық-техникалық колледжінің І санатты оқытушысы;

- Батыс Қазақстан облысы білім басқармасының орта жалпы білім беру бөлімінің бас маманы;

- Батыс Қазақстан облысы білім басқармасының мектепке дейінгі және орта жалпы білімді дамыту бөлімінің бастығы;

- Батыс Қазақстан облысы білім басқармасы бастығының орынбасары;

- Батыс Қазақстан облысы білім басқармасының басшысы;

2017 жылдың маусым айынан бастап Батыс Қазақстан облыстық тілдерді дамыту басқармасының басшысы қызметін атқарды.

zhaikpress.kz

Узнайте первым о важных новостях Западного Казахстана на нашей странице
в Instagram и нашем Telegram - канале