30.04.2020, 11:05
Оқылды: 3261

БҚО білім басқармасының басшысы оқу жылы қалай аяқталатынын түсіндірді

WhatsApp Image 2020-04-30 at 10.55.46

Бүгін облыстық білім басқармасының басшысы Айымгүл Тржанова онлайн брифингте оқу жылы қалай аяқталатынын түсіндірді.

-Барлық мектептерде қашықтан оқытудың төртінші аптасы аяқталды. Қазақстан Республикасы Білім және ғылым министрлігімен оқу жылын аяқтауға қатысты нормативтік құжаттар бекітілді. Оқу жылы 25 мамырда аяқталады. Төртінші тоқсан мен 2019-2020 оқу жылының аяқталуын ұйымдастыру мақсатында мамыр айында барлық сыныптарда 1-бөлім бойынша жиынтық бағалау (БЖБ) және 1-тоқсан бойынша жиынтық бағалау (ТЖБ) өткізіледі.

1-10-сыныптарда аптасына 2 немесе одан да көп сағаттан тұратын оқу пәндерінде 1-бөлім бойынша жиынтық бағалау (БЖБ) және 1-тоқсан бойынша жиынтық бағалау (ТЖБ) орындалады. 10-сыныптарда аптасына 1 сағат жүктемесі бар пәндер бойынша 1-бөлім бойынша жиынтық бағалау (БЖБ) өткізіледі.

11-сыныптарда, жаңартылған білім беру мазмұнына көшпегендіктен, дәстүрлі бақылау жұмыстары өткізіледі, - деді білім басқармасының басшысы Айымгүл Тржанова.

Осыған байланысты жиынтық бағалауды жүзеге асыру мерзімі анықталды:

- 4 мамырдан 11 мамырға дейін -жүктемесі 2 немесе одан да көп сағатты құрайтын пәндер бойынша бөлім бойынша жиынтық бағалау (БЖБ) өткізіледі.

Суммативті бағалау «Өзін-өзі тану», «Көркемөнер», «Музыка», «Дене шынықтыру», «Кәсіпкерлік және бизнес негіздері», «Графика және дизайн», «Қоғам және дін» пәндер бойынша жүргізілмейді.

-11 мамырдан 15 мамырға дейін - 1-10-сынып оқушыларына, аптасына бір сағат жүктемесі бар пәндер бойынша, тоқсан бойынша жиынтық бағалау (ТЖБ) өтеді.

- 18 мамырдан 22 мамырға дейін 11 сыныптың барлық бақылау жұмыстары және 2 немесе одан да көп сағаттан тұратын пәндер бойынша 1-тоқсан бойынша жиынтық бағалау (ТЖБ) жүргізіледі.

Бөлім бойынша жиынтық бағалауды (БЖБ) жүргізу уақыты - 10-20 минуттан аспауы тиіс, тоқсан бойынша жиынтық бағалаудың (ТЖБ) ұзақтығы- 40 минутты құрайды. БЖБ мен ТЖБ қашықтықтан жүзеге асырылады. Тапсырмаларды мұғалімдер өздері құрайды (ҚР БҒМ № 125 бұйрығы, 17 б.).

Бір күнде бір пән бойынша БЖБ және ТЖБ болмауы керек, сондай-ақ мұғалімдер күніне 3-тен артық жиынтық бағалауды өткізуге жол бермеуі керек.

Білім басқармасы басшысының айтуынша, 9 және 11-сынып түлектері қорытынды емтихандар тапсырмайды. Қорытынды баға жылдық бағаның нәтижесі бойынша белгіленеді (Қазақстан Республикасы Білім және ғылым министрлігінің 2020 жылғы 17 сәуірдегі № 149 бұйрығына сәйкес).

Оқушылардың жазғы демалысын ұйымдастыру қазір талқылану үстінде. Білім беру бөлімдерінен жазғы демалысты ұйымдастыру жұмыстары бойынша ұсыныстар жинақталуда.

zhaikpress.kz

Узнайте первым о важных новостях Западного Казахстана на нашей странице
в Instagram и нашем Telegram - канале