19.04.2018, 17:08
Оқылды: 63

БҚО: биыл 28,3 млрд.теңгеге 436 шақырым жолды жөндеу жоспарда

БҚО Өңірлік коммуникациялар қызметі алаңында өткен баспасөз мәслихатына БҚО автомобиль жолдары және жолаушылар көлігі басқармасы басшысының уақытша міндетін атқарушы М.Шақаев қатысты. Брифингте спикер аталған саланың ахуалы туралы баяндап, биылғы жұмыс жоспарларына тоқталды.

Спикердің айтуынша, облыстағы автомобиль жолдарының жалпы ұзындығы  6530,1 км құрайды, оның ішінде: республикалық маңызы бары 1392,55 шақырым, облыстық және аудандық маңызы бары 5103,7 шақырым. 2017 жылы бөлінген 33,3 млрд. теңге қаражатқа 419 шақырым жол жөнделді.

2018 жылы қарастырылған 28,3 млрд. теңге қаражатқа 436  шақырым жол жөндеу жоспарлануда, соның ішінде: республикалық маңызы бар автомобиль жолдарына 10,8 млрд. теңге қарастырылған, 282 шақырым жол жөндеу жоспарлануда; облыстық маңызы бар автожолдарды жөндеуге 7,4 млрд теңге қарастырылған, 76,5 шақырым жол жөндеу жоспарлануда.  Сонымен қатар, 2018 жылы облыстық маңызы бар автожолдарын қалыпты жағдайда ұстау мақсатында ағымдағы жөндеу жұмыстарына 457 млн. теңге бөлінген.

Қарастырылған 4,2 млрд. теңге қаражатқа 40,6 шақырым аудандық маңызы бар жолдарды және елді мекендердің көшелерін жөндеу жоспарлануда. Орал қаласында қарастырылған 6,0 млрд. теңге қаражатқа (2,0  млн. теңге – ЖБ, 4,0 млрд. теңге – КПО б.в.) 37 шақырым жол жөндеу жоспарлануда.

 zhaikpress.kz

 

Узнайте первым о важных новостях Западного Казахстана на нашей странице
в Instagram и нашем Telegram - канале