31.05.2020, 9:04
Оқылды: 1554

БҚО-да 1 маусымнан бастап жұмысын жалғастыратын мекемелер анықталды

Батыс Қазақстан облысының Бас мемлекеттік санитариялық дәрігерінің 2020 жылғы 30 мамырдағы №18-ПГВр қаулысына сəйкес ұйымдар үшін уақытша жабуға жатпайтын рұқсат етілген қызмет түрлерінің тізімі анықталды.

big_d8ae928407c3cbd35f4c15c63dd4e773

1. Денсаулық сақтау жүйесі, мыналарды қоса:

- ауруханалар мен емханалар (денсаулық сақтау басқармасының тізімдері бойынша);

- зертханалық қызметтер;

- медициналық орталықтар (жұмыс тәртібі жазылу бойынша) - сағат 10.00-ден 18.00-ге дейін жұмыс істеуге рұқсат етіледі;

- ветеринариялық және мал шаруашылық жедел көмек қызметтері;

- стоматологиялық клиникалар (жұмыс тәртібі жазылу бойынша) - сағат 10.00-ден 18.00-ге дейін жұмыс істеуге рұқсат етіледі;

- емхананың медициналық тауарларын дистрибуциялау;

2. Қалалық инфрақұрылым және коммуналдық қызметтер, мыналарды қоса:

- электр энергетикалық компаниялар;

- сумен жабдықтау;

- газбен жабдықтау компаниялары;

- жылумен жабдықтау;

- электриктер, сантехниктер қызметтері;

- өрт сөндіру қызметі;

- көшелер мен үй-жайларды жинау жөніндегі қызметтер;

- қалдықтарды жинау, өңдеу және зарарсыздандыру;

- дезинфекциялау;

- телекоммуникациялар (аудандар мен Орал қаласы әкімдері белгілеген тізімдер бойынша);

- қоғамдық көлік қызметтері, Орал қ. ресми тіркелген такси қызметтерін қоса;

- әуежайлар;

- теміржол бекеттері;

- пошта, курьерлік және жүк қызметтері;

- әлеуметтік қамсыздандыру;

- ақпараттық-коммуникациялық технологиялар компаниялары - сағат 10.00-ден 18.00-ге дейін жұмыс істеуге рұқсат етіледі.

3. Өнеркәсіп және ауыл шаруашылығы:

- тағам өнеркәсібі, бірінші қажетті тауарларды өндіруді қоса;

- ауылшаруашылығы;

- химреагенттер;

- дәрілік препараттар;

- медициналық жабдықтар/құралдар;

- фармацевтика, химия өнеркәсібі;

- санитарлық гигиена өнімдері;

- үйге арналған қағаз бұйымдар;

- машина жасау;

- металлургия, дайын металл бұйымдарын өндіру;

- жеңіл өнеркәсіп;

- мұнай-газ өнеркәсібі.

4. Сауда, тамақтандыру қызметтері және құрылыс, мыналарды қоса:

- азық-түлік және азық-түлік емес базарлары, барлық санитарлық-эпидемиологиялық талаптарды және эпидемияға қарсы іс-шараларды сақтай отырып: жеке қорғану құралдарының (маскалар, қолғаптар, санитайзерлер, антисептиктер) жеткілікті болуы, үй-жайды дезинфекциялау және желдету, сауда сөрелерінің арасындағы қашықтықты сақтау, тамақ өнімдерін сату тек қана өлшеп-оралған түрде, көкөністер мен жемістерді қоспағанда - сағат 09.00-ден 16.00-ге дейін жұмыс істеуге рұқсат етіледі;

- азық-түлік дүкендері (тамақ өнімдерін сату тек қана өлшеп-оралған түрде, көкөністер мен жемістерді қоспағанда) - сағат 09:00 ден 22:00-ге дейін жұмыс істеуге рұқсат етіледі;

- дәріханалар;

-АЗС, АГЗС;

2020 жылдың 1 маусымынан бастап мейрамханалар/барлар/дәмханалар/асханалар және басқалары (келушілер саны бір мезгілде 30 адамнан аспайтын) санитарлық-эпидемиологиялық талаптарды және эпидемияға қарсы іс-шараларды сақтай отырып: кемінде бір метр ара қашықтықты сақтай отырып, 5 адамнан артық кезектің пайда болуына жол бермеу, үстелдердің арасындағы қашықтықты кемінде 2 метр сақтауды қамтамасыз ету, бір үстел басында отырушылар 4 адамнан аспауы тиіс - сағат 10:00-ден 22:00-ге дейін жұмыс істеуге рұқсат етіледі;

- құрылыс, күрделі, орташа, ағымдағы жөндеу, тұрғын үйді абаттандыру, жол және инфрақұрылым (аудандар мен Орал қаласы әкімдіктерінің  тізімдеріне сәйкес);

- құрылыс дүкендері;

- автоқосалқы бөлшектер дүкендері;

- ауданы 2000 ш.м. дейінгі азық-түлік емес дүкендер (барлық бағыттар) - сағат 10.00-ден 18.00-ге дейін жұмыс істеуге рұқсат етіледі;

2020 жылдың 1 маусымынан бастап ауданы 2000 ш.м. асатын сауда нысандары (сауда орталықтары, сауда үйлері) – барлық санитарлық-эпидемиологиялық талаптарды және эпидемияға қарсы іс-шараларды сақтай отырып, жеке қорғану құралдарының жеткілікті саны: бетперделер, қолғаптар, санитайзерлер, антисептиктердің болуы, үй-жайға дезинфекция жүргізу және желдету, кемінде бір метр ара қашықтықты сақтай отырып, 5 адамнан артық кезектің пайда болуына жол бермеу, келушілердің жай- күйіне тұрақты мониторинг жүргізу үшін барлық нысандардың кіре берісінде қашықтық термометрияны (қол тепловизорын) жүргізуге, көрсетілген/алынған қызметтер үшін қолма-қол ақшасыз (карталар, телефондағы қосымша арқылы) есеп айырысу үшін жағдайды барынша қамтамасыз ету - көрсетілген іс-шараларды және жұмыс кестесін қатаң сақтау арқылы сағат 10.00-ден 20.00-ге дейін жұмыс істеуге рұқсат етіледі, сауда нысандары аумағында орналасқан кинотеатрлар, балалар және басқа да ойын-сауық орталықтары, қоғамдық тамақтану (асханалар, фуд-корттар және басқалары) нысандарын қоспағанда.

- фотосалондар, гүл дүкендері (дүңгіршектер).

5. Басқа да маңызды қызметтер, соның ішінде:

- тағам өнімдерін, дәрілер мен медициналық бұйымдарды, сондай-ақ бірінші қажетті тауарларды жеткізу қызметтері – сағат 9.00-ден 22.00-ге дейін жұмыс істеуге рұқсат етіледі;

- тағам өнімдерінің, дәрілік препараттар мен медициналық бұйымдардың қоймасы/ дистрибуция;

- банктік қызметтер, екінші деңгейдегі банктердің барлық бөлімшелері (алдын алу шараларын қамтамасыз ету және эпидемияға қарсы іс-шараларды сақтау арқылы жұмыс режимін сағат 10.00-ден 17.00-ге дейін шектеу, инкассаторлардың, байланыс орталығы қызметкерлерінің, техникалық қолдау инженерлерінің, кассирлердің, телеком жабдықтары жүктерімен машиналардың немесе компанияның жүкқұжатына сәйкес, қала бойынша қозғалысына рұқсат беру);

- қонақ үйлер (тек персоналды казармалық режимге және карантиндегі науқастарды орналастыру үшін);

Ескерту: қонақ үйдің ішіндегі кәсіпорындар өз қызметін тоқтатуы тиіс.

- жатақханалар (тек персоналды казармалық режимге және карантиндегі науқастарды орналастыру үшін, сондай-ақ ЖОО және білім беру нысандары қызметкерлерінің тұруы үшін);

- қарттар үйлері;

- медициналық-әлеуметтік мекемелер – сағат 9:00-ден 16:00-ге дейін жұмыс істеуге рұқсат етіледі;

- түзету кабинеттері (жұмыс тәртібі жазылу бойынша) – сағат 9:00-ден 16:00-ге дейін жұмыс істеуге рұқсат етіледі;

- балаларға арналған үйлер;

- үйсіз адамдарға арналған орынжайлар;

- жануарларға арналған орынжайлар;

- жерлеу қызметтері жөніндегі агенттіктер, крематорийлер мен зираттар;

- БАҚ

- ХҚКО, бизнес орталықтар (кеңселер);

- Жиһаз өндірісі;

- ТЖО, автожуу, шиномонтаж қызметі;

- шаштараз, сұлулық салондары барлық қызмет түрі (жұмыс тәртібі - жазылу бойынша) - сағат 10.00-ден 18.00-ге дейін жұмыс істеуге рұқсат етіледі;

- жылжымайтын мүлікпен операциялар бойынша ұйымдар, жарнама агенттіктері - сағат 10.00-ден 18.00-ге дейін жұмыс істеуге рұқсат етіледі;

- адвокаттық, заң қызметтері және нотариустардың қызметтері - сағат 10.00-ден 18.00-ге дейін жұмыс істеуге рұқсат етіледі;

- микроқаржы ұйымдары, сақтандыру компаниялары, ломбардтар, айырбастау пункттері - сағат 10.00-ден 18.00-ге дейін жұмыс істеуге рұқсат етіледі;

- ателье және аяқ киім жөндеу - сағат 10.00-ден 18.00-ге дейін жұмыс істеуге рұқсат етіледі;

- туристік компаниялар – сағат 10.00-ден 18.00-ге дейін жұмыс істеуге рұқсат етіледі;

- мектепке дейінгі балалар ұйымдарында жас ерекшеліктеріне қарай бір кезекші топтан ашылады (біріктірілген бөбекжай және 1-ші кіші, 2-ші кіші, орта, біріктірілген жоғары және мектепке дейінгі топ, бірақ әр жас тобында 15 баладан артық емес), жатын үй-жайларда кемінде 1 метр қашықтықты, барлық санитариялық-эпидемиологиялық талаптарды және эпидемияға қарсы іс-шараларды сақтау: жеке қорғану құралдарының (маскалар, қолғаптар, санитайзерлер, антисептиктер) жеткілікті саны болуы, дезинфекция, желдету және үй-жайларды кварцтау. Медициналық қызметкер балабақшаның барлық қызметкерлері мен балалардың күн сайынғы таңертеңгілік фильтрін жүргізеді. Учаскелік педиатрдан денсаулық жағдайы туралы анықтамалары бар (3 жұмыс күнінен артық болмаған жағдайда) балаларды қабылдау. Жіті респираторлық жұқпалар (жоғары температура, жөтел, тұмау) және басқа да жұқпалы аурулардың белгілері бар қызметкерлерді жұмысқа жібермеу, балаларды қабылдамау;

- білім беру орталықтары, үйірмелер, балалар даму орталықтары (толымдылығы 10 адамнан аспайтын) - 2 метрден кем емес әлеуметтік қашықтықты, барлық санитариялық-эпидемиологиялық талаптарды және эпидемияға қарсы іс-шараларды сақтай отырып: жеке қорғану құралдарының (маскалар, қолғаптар, санитайзерлер, антисептиктер) жеткілікті саны болуы, дезинфекция жүргізу және үй-жайларды желдету - сағат 09.00-ден 16.00-ге дейін жұмыс істеуге рұқсат етіледі;

- спорт нысандары (тек ашық алаңда, 30 адамға дейінгі спортшылар үшін, көрерменсіз); теннис корты (30 адамға дейінгі спортшылар үшін, көрерменсіз), барлық санитариялық-эпидемиологиялық талаптарды және эпидемияға қарсы іс-шараларды сақтай отырып: жеке қорғану құралдарының (маскалар, қолғаптар, санитайзерлер, антисептиктер) жеткілікті саны болуы, дезинфекция жүргізу және үй-жайларды желдету;

- мәдениет нысандары (қызметкерлер үшін, 30 адамға дейін, көрерменсіз), барлық санитариялық-эпидемиологиялық талаптарды және эпидемияға қарсы іс-шараларды сақтай отырып: жеке қорғану құралдарының (маскалар, қолғаптар, санитайзерлер, антисептиктер) жеткілікті саны болуы, дезинфекция жүргізу және үй-жайларды желдету;

- химиялық тазалау жұмыстары - сағат 10.00-ден 18.00-ге дейін жұмыс істеуге рұқсат етіледі.

2020 жылдың 1 маусымынан бастап сауналар, жеке моншалар (қоғамдық моншаларды қоспағанда) - сағат 10:00-ден 22.00-ге дейін жұмыс істеуге рұқсат етіледі.

6. Аса маңызды нысандар, соның ішінде мемлекеттік басқару органдары мен барлық құқық қорғау органдары, арнайы органдар, мемлекеттік органдар.

7. Ғимараттар мен нысандарды күзетуді қамтамасыз ететін қызметкерлер.

 

Қол қою шешімі:

30.05.2020 15:58:29 Арыспаев М. К.. Қол қойылды

Узнайте первым о важных новостях Западного Казахстана на нашей странице
в Instagram и нашем Telegram - канале