10.07.2018, 15:26
Оқылды: 31

БҚО-да 1 млн. 425 мың гектар жер телімі игерілмей бос жатыр  

 

safe_imageОблыста ауыл шаруашылық мақсатындағы жалпы аумағы 1 млн 425 мың га жер телімі игерілмей бос жатыр. Бұл туралы бүгін өңірлік коммуникациялар қызметі алаңында өткен баспасөз мәслихатында БҚО жер қатынастары басқармасының басшысы Әлия Мұханбетжанова мәлімдеді.   


 

Қазіргі таңда жер телімдерінің 997 мың га мемлекет меншігіне қайтарылған, соның ішінде 545 мың га жер телімі ауыл шаруашылығы мақсатында игеріле бастаған.  Кәдеге аспай, бос жатқан 454 мың га жер телімдерінің дені Ақжайық, Бөрлі, Жәнібек, Қазталов, Сырым және Шыңғырлау аудандарында орналасқан.

-Жергілікті атқарушы органдардың түсіндіру жұмыстарынан кейін аумағы 336 мың га жер пайдаланушылар өздеріне тиесілі жер телімдерін игере бастады. Ал 92 мың га жер телімдері бойынша ұйғарымдар беріліп, әкімшілік шаралар алынуда. Сонымен қатар өңірдегі ауыл шаруашылығы айналымындағы жер көлемін кеңейту  мақсатында өткен жылы жалпы аумағы 52 мың га құрайтын 94 жер телімін пайдалану құқығы беру бойынша 12 байқау өткізілсе, биыл облыстың 8 ауданында 10 байқау ұйымдастырылып, жалпы аумағы 51 мың га 67 жер телімін пайдалану құқығы сатылды. Жуырда аудандардағы 57 мың га аумақты алып жатқан 87 жер телімін ауыл шаруашылығы мақсатында пайдалану құқығы сатылмақ,-дейді Әлия Биғазықызы.

Баспасөз мәслихатына қатысқан БҚО жердің пайдаланылуы мен қорғалуын бақылау басқармасының басшысы Салауат Нұрғалиевтің айтуынша, 2016-2018 жылдар аралығында жалпы көлемі 181,9 мың га ауыл шаруашылығы мақсатындағы (егістік, жайылымдық және шабындық алқаптарға) 147 шаруашылыққа жерді тиісті мақсатта пайдалану туралы нұсқамалар берілген. Нәтижесінде 36 шаруашылық жалпы аумағы 25,2 мың га болатын жер телімдерін өз еріктерімен мемлекет меншігіне қайтарса, 38 шаруашылық 64,8 мың га алып жатқан  жер телімдерін игеруге кіріскен.

-Менің иелері жерді заңда көзделген мерзімде мақсатты игеруі тиіс.Басқарма тексерулер жүргізіп, тиісті нұсқаулықтар береді. Ал пайдаланылмаған жер ҚР Жер кодексінің 92,94 баптарына сәйкес мемлекет меншігіне қайтарылады, -деді Салауат Ғаббасұлы.

Ал талап бойынша жер пайдаланушылар жердің дұрыс игерілуі мен құндылығының сақталуы үшін ауыл шаруашылық дақылдарының өнімділік деңгейі мен ауыспалы егісті сақтауға, жер телімін арамшөп пен ағаш бұта өсімдіктерінен қорғауға және өндірістік қалдықтармен ластануына жол бермеуі қажет. 2015 жылғы ҚР Заңдарына енгізілген толықтырулар мен өзгерістерге сәйкес ауыл шаруашылығы мақсатындағы пайдаланылмайтын жерге салық он есеге дейін артқаны белгілі. Облыста күні бүгінге дейін жалпы көлемі 170,4 мың га жер теліміне 10415,0 мың теңге жер салығы салынған екен.

Сондай-ақ, сала мамандары еліміздің жер заңнамасындағы өзгертулер мен толықтыруларға да кеңінен тоқталып өтті.

Динара ЖҰМАБЕКҚЫЗЫ

zhaikpress.kz

Узнайте первым о важных новостях Западного Казахстана на нашей странице
в Instagram и нашем Telegram - канале