5.07.2018, 14:13
Оқылды: 18

БҚО-да 10 өрт бекеті бар

 

pozharnyeОрман және дала өрттерінің алдын алу және жою міндеттерін шешу үшін 2018 жылғы өрт қаупі маусымында өртті болдырмауға бағытталған шаралар кешені жүзеге асырылуда. Батыс Қазақстан облысындағы ормандарды қорғау мекемелерімен АҚ органдарының өзара іс-қимылы бойынша нұсқаулық әзірленді. Облыс әкімі 2018 жылғы өрт қаупі маусымында облыс аумағындағы орманды дала өрттерін болдырмау және жою бойынша іс-шаралар жоспарын бекітті. Өңіраралық сипаттағы орманды дала өрттерін жою жөніндегі республикалық жоспарды түзету бойынша ұсыныстар енгізілді.


 

Өрт бекетінің болуы және жұмыс істеуі қауіпсіздікті арттыруға, жақын маңдағы елді мекендердегі және орманды далада өрттерді жедел сөндіруге, өрттердегі қаза болғандар мен зардап шегушілердің санын, зақымдануды азайтуға және  өрттерді жанудың бастапқы кезеңдерінде жоюға мүмкіндік береді.

Мысалы, Батыс Қазақстан облысында өрттерге қарсы күресті күшейту үшін Бөрлі, Теректі, Зеленов, Қазталов, Ақжайық, Сырым және Шыңғырлау аудандарында 10 өрт сөндіру бекеті құрылды, бұл 25 километр радиуста жақын орналасқан 37 елді мекендердің өрт қауіпсіздігін қамтамасыз етеді.

Бекеттерде барлығы 77 адам қызмет етеді, 10 техника бар.

Қазіргі уақытта өрт сөндіру қызметі - кез келген уақытта көмектесуге дайын мамандары бар жақсы құрылған жүйе. Ғылыми-техникалық прогрестің өсуіне қарай өрт күзеті де дамып, техниканың жаңа түрлері, құрал-жабдықтар, өрт сөндіру тәсілдері және басқалары әзірленуде. Өрт сөндіру күзетіндегі қызмет тек қана жұмыс емес, бұл қабілет. Олардың жұмысының нәтижесі бұл – құтқарылған мыңдаған адам өмірі.

Айта кету керек, 2018 жылдың өрт қаупі кезеңіне департаменттің күштері мен құралдары дайын.

БҚО ТЖД мемлекеттік

тіл және ақпарат тобы

zhaikpress.kz

Узнайте первым о важных новостях Западного Казахстана на нашей странице
в Instagram и нашем Telegram - канале