24.10.2019, 18:25
Оқылды: 171

БҚО-да 102 дана қару жойылды

Бүгін Орал қаласындағы «КазАрмаПром» ЖШС зауытында барлығы 102 дана қару жойылды.

IMG_8593

Батыс Қазақстан облысы полиция департаментінің қызметкерлері комиссия мүшелерінің қатысуымен қару зауыттың пешінде балқытылып, 105 келі металл алынды.

Мұндай шара Полиция департаментінде әр тоқсан сайын өтуде. Жойылған қарулар қатарында ерікті түрде тапсырылған, тәркіленген және табылғаны бар.

Жойылған қару ішінде 81 дана тегіс ұңғылы аңшылық қару, 2 дана шолақ мылтық, 6 дана газды тапанша, 6 дана газды тапанша, 1 дана пневматикалық қару, 12 дана травматикалық тапанша, сондай-ақ 8 дана электрошокер, 2 пышақ бар.

БҚО ПД баспасөз қызметі

 

Узнайте первым о важных новостях Западного Казахстана на нашей странице
в Instagram и нашем Telegram - канале