21.01.2020, 17:34
Оқылды: 204

БҚО-да 12 мектеп апатты жағдайда тұр

Бүгін Өңірлік коммуникациялар қызметінің баспасөз алаңында облыстық білім басқармасының басшысы Айымгүл Тржанованың қатысуымен брифинг өтті.

bilim (2)

Желтоқсан айында «Педагог мәртебесі туралы» жаңа заң және Қазақстан Республикасында білім беруді және ғылымды дамытудың 2020 – 2025 жылдарға арналған мемлекеттік бағдарламасы қабылданды. Ал 1 қаңтардан бастап педагогтардың жалақысы 25 пайызға өсті. Биыл облыстың білім саласын қаржыландыру деңгейі де көтерілмек.

-Білім беру саласында 722 мекеме қызмет атқарса, білім саласы бюджеті 78,9 млрд.теңге. Облыста 12-і апатты мектеп бар. Республикалық бюджет есебінен 4 мектептің атап айтқанда, Ақжайық ауданы Чапаев ауылында 100 орындық интернатымен 300 орындық Абай атындағы мектеп-гимназиясы, Орал қаласында 900 орындық №51 мектеп құрылысы жүргізіліп жатырса, Орал қаласындағы 300 орындық №33 мектеп, Казталов ауданы Казталов ауылында 600 орындық А.Оразбаева атындағы мектеп, жергілікті бюджеттен Казталов ауданының 60 орындық Сарықұдық негізгі мектебінің құрылысына қаржы бөлінді.

2019 жылы «Ауыл – ел бесігі» бағдарламасы аясында 3 мектептің ғимаратын күрделі жөндеуге республикалық бюджеттен қаражат бөлінді. Олардың қатарында Ақжайық ауданының Чапаев ауылындағы №1 мектеп, Тасқала ауданы орталығындағы Қ.Сәтбаев атындағы мектеп пен С.Жақсығұлов атындағы мектеп бар.

Бала санының өсуі себебінен мектептердің үш ауысымдылығы Орал қаласында күрделі мәселеге айналды. Облыстық білім басқармасы әлеуетті инвесторлармен кездесу жүргізіп, нәтижесінде 5 инвестор мектеп құрылысына қызығушылық танытты. Жеке мектептер салу үшін «Орал» әлеуметтік-кәсіпкерлік корпорациясымен бірлесе жұмыс атқарылуда, - деді басқарма басшысы.

zhaikpress.kz

Батыс Қазақстанның маңызды жаңалықтарын біздің Instagram-дағы парақшамыздан және Telegram арнамыздан алғашқы болып біліңіздер

Узнайте первым о важных новостях Западного Казахстана на нашей странице
в Instagram и нашем Telegram - канале