13.12.2016, 16:36
Оқылды: 52

БҚО-да 122-інші мектеп музейі ашылды (ФОТО)

Ел Тәуелсіздігінің 25 жылдық мерекесі қарсаңында Қазталов ауданындағы Жаңажол орта мектебінде «Тәуелсіздік залы» ашылып, музейдің тұсауы кесілді. Бұл облыстағы 122-інші мектеп музейі.

Тұсау кесу рәсіміне ҚР Энергетика министрлігінің газ өнеркәсібін дамыту департаментінің директоры Зияш Қияқбаев, аудан әкімінің орынбасары Зәйлім Мәжитова қатысты. Зияш Қияқбаев бұл мұражайдан ұлттың айбынын сезініп, Алаштың асқақ рухын баяндайтын байырғы құндылығын тамашалауға болатынын, кейінгі жас ұрпақтың тарих тағылымын танып-білуіне үлкен мүмкіндік туып отырғанын айтып, Ел Тәуелсіздігінің 25 жылдығы мерекесімен құттықтады.

Шараға қатысушылар мұражайдың ішін аралап, жәдігерлермен танысты. «Тәуелсіздік залының» жабдықталуына Жаңажол ауылының шаруа қожалықтары мен кәсіпкерлерінің қосқан үлестерін орасан зор екенін айта кеткен жөн.

ҚР Энергетика министрлігінің газ өнеркәсібін дамыту департаментінің директоры Зияш Қияқбаев, БҚО энергетика және тұрғын үй-коммуналдық шаруашылық басқармасының басшысы Ғалым Орынғалиев алғашқы болып мұражайға өз қолтаңбаларын қалдырды.

 

Тұрарбек АҚМУРЗИН

Қазталов ауданы

zhaikpress.kz

Узнайте первым о важных новостях Западного Казахстана на нашей странице
в Instagram и нашем Telegram - канале