13.08.2019, 16:09
Оқылды: 91

БҚО-да 13 мыңнан астам бүлдіршін мектеп табалдырығын аттайды

Бұл жайлы бүгін Өңірлік коммуникациялар алаңында білім беру мекемелерінің жаңа 2019-2020 оқу жылына дайындығы тақырыбында өткен брифингте БҚО білім басқармасы басшысының орынбасары Зәуре Гумарова айтты.

891e7589-07a1-4462-a1c8-4ca781496907

Биыл 1 сыныпқа 13 мыңнан астам бала қабылданбақ (5 жасар – 705 бала, 6 жасар – 10104 бала, 7 жасар – 2583 бала).

Оқулықтар мен оқу-әдістемелік кешендермен қамтамасыз ету мақсатында жергілікті бюджеттен 2.4 млрд. теңге бөлінсе, оның 54,5 млн. теңгесі Алматы қаласынан тасымалдау үшін қарастырылған.

Нұрлыбек Нұрланұлы,

zhaikpress.kz

Узнайте первым о важных новостях Западного Казахстана на нашей странице
в Instagram и нашем Telegram - канале