11.07.2019, 10:11
Оқылды: 303

БҚО-да 152 аудиторлық іс-шара жүргізілді

Батыс Қазақстан облысы бойынша ішкі мемлекеттік аудит департаментінің жүктелген тапсырмаларына және функцияларына сәйкес 2019 жылдың 5 айлық қорытындысына орай негізгі бағыттар бойынша жұмыс жүргізілді: бюджеттік және өзге заңнаманы сақтауға сәйкестік аудиті, мемлекеттік сатып алулар туралы заңнамалар, сондай-ақ бухгалтерлік есеп және қаржылық есептілік саласындағы қаржылық есептілік аудиті.

audit-

2019 жылдың 5 айы бойынша Батыс Қазақстан облысының жергілікті атқарушы органдарның 33 бюджеттік бағдарламалар әкімшілерінде департаментпен 128 бақылау нысандары бойынша 152 аудиторлық іс-шара жүргізілді, бақылаумен қамтылған қаражат - 4,8 млрд.теңге.

Аудиторлық іс-шаралар қорытындысы бойынша 40,8 млрд. теңге сомасында бюджеттік және өзге заңнама бұзушылықтар анықталды. Соның ішінде 1,3 млрд.теңге рәсімдік сипаттағы бұзушылықтар. 2019 жылдың бес айында жүргізілген тексерістер қорытындылары бойынша қалпына келтіруге және өтеуге тиісті қаражат 39,5 млрд.теңге. Соның ішінде – 39,3 млрд.теңге қалпына келтірілді. Жергілікті бюджет кірісіне – 117,6  млн.теңге өтелді.

Сонымен қатар мемлекеттік сатып алулар туралы заңнама бұзушылықтары анықталды. Бақылаумен қамтылған қаражаттар сомасы 1,5 млрд.теңге. Заңнама бұзушылығымен 1,3 млрд.теңгеге 161 сатып алу жүргізілген. Жалпы сомасы 634,0 млн.теңгеге мемлекеттік сатып алулардың 8 рәсімдерінің қорытындылары жойылды.

Жиі тексерілетіндер – денсаулық сақтау, білім және халықты әлеуметтік қорғау салалары.

Облыстың денсаулық сақтау нысандарында 18 тексеріс жүргізілді, бұзушылықтар сомасы - 3,3 млрд.теңге, мемлекеттік сатып алулар бұзушылықтарының сомасы 634,0 млн.теңге.

Білім беру нысандары бойынша – 144,9 млн.теңге сомасында анықталған бұзушылықтармен 46 тексеріс, мемлекеттік сатып алулар бұзушылықтарының 97,9 млн.теңге.

Халықты әлеуметтік қорғау және жұмыспен қамтамасыз ету нысандары бойынша - 123,6 млн.теңгеге анықталған бұзушылықтармен 20 тексеріс, соның ішінде мемлекеттік сатып алулар бұзушылықтарының сомасы 123,6 млн.теңгеге шықты.

Аудиторлық іс-шаралар қорытындылары бойынша анықталған бұзушылықтарды жою және оларға жол берген тұлғалардың жауапкершілігін қарастыру туралы 137 ұйғарым енгізілді.

Аудит нәтижелері бойынша қабылданған шаралармен сумму 5,6 млн.теңге сомасында 90 әкімшілік іс қозғалды, оның ішінде бюджет кірісіне 5,6 млн.теңге өтелді.

Жіберген бұзушылықтар үшін тексерілген бақылау нысандарының 93 қызметкері тәртіптік жазаға тартылды.

Аудит нысандарында жіберілетін жүйелік бұзушылықтарға және кемшіліктерге келесі бұзушылықтар жатады:

Мемлекеттік сатып алуларды жүзеге асыратын рәсімдер бұзушылықтары, мемлекеттік сатып алулар туралы заңнама қағидаларын қолдаусыз мемлекеттік сатып алуларды жүзеге асыру, өнім берушілерді жосықсыз ретінде таныту туралы сотқа жүгінбеу және т.б.;

Бюджеттік және салалық заңнама бұзушылықтары;

Қаржылық есептілікті толтыру барысындағы заңнама бұзушылықтары және тағы басқа.

Аудитпен анықталған бұзушылықтардың негізгі себептері болып - тиісті бақылаудың және бағынысты мекемелер басшыларының жұмысын тиісінше ұйымдастырудың жоқтығы, аудит нысандарының лауазымды тұлғаларының жеткіліксіз біліктілігі, ішкі бақылау жүйесінің әлсіреуі табылды.

Жұмыс тиімділігін арттыру мақсатында Қазақстан Республикасының нормативтік құқықтық актілерін, мемлекеттік сатып алулар туралы және қаржылық тәртіпті қатаң қадағалау туралы заңнамасын жүйелі түрде зерттеу қажеттілігі туралы ұсыныс берілді.

Ильяс Есдавлетов,

ҚР қаржы министрлігі

 шкі мемлекеттік аудит

Комитетінің БҚО бойынша

ішкі мемлекеттік аудит департаменті басшысы

 

Узнайте первым о важных новостях Западного Казахстана на нашей странице
в Instagram и нашем Telegram - канале