12.12.2019, 21:25
Оқылды: 280

БҚО-да 16 мың литрден астам заңсыз алкоголь тәркіленді

БҚО-да 16 мың литрден астам заңсыз алкоголь өнімі тәркіленді, деп хабарлайды ҚазАқпарат . Мемлекеттік кірістер комитетіне сілтеме жасап. «26 қарашада Қазақстан-Ресей шекарасында «Ақсай» өткізу пунктінде Қазақстаннан Ресейдің Орынбор қаласына бара жатқан жүк көлігі тексерілді. Ресей азаматының атына тіркелген көлікте Бөрлі ауданы бойынша Мемлекеттік кірістер басқармасының қызметкерлері ілеспе жүкқұжаты жоқ 16 200 литр (324 кег) алкоголь өнімін тапты», делінген хабарламада.

191212221356794a3594238i

Жүк тасымалында 429-І «Этил спирті мен алкоголь өнімінің өндірілуін және айналымын мемлекеттік реттеу туралы» ҚР Заңының 9-бабы 5-тармағының талаптары бұзылған.

Кірістер басқармасының қызметкерлері тексеру актісін жасап, жүк көлігін айыптұрағына жеткізді. 16 200 литр мөлшерінде құны 2,6 млн теңге алкоголь өнімі тәркіленді.

«РФ азаматына қатысты ҚР ӘҚБТК-нің 282-бабының 7-тармағы 3 тармақшасы бойынша жасалған әкімшілік материал Бөрлі аудандық сотына берілді. Бөрлі аудандық сотының 10 желтоқсандағы қаулысына сәйкес РФ азаматы 50 АЕК (126 250 теңге) айыппұл түрінде әкімшілік жауапкершілікке тартылды және барлық алкоголь өнімі тәркіленді», делінген хабарламада.

zhaikpress.kz

Батыс Қазақстанның маңызды жаңалықтарын біздің Instagram-дағы парақшамыздан және Telegram арнамыздан алғашқы болып біліңіздер

Узнайте первым о важных новостях Западного Казахстана на нашей странице
в Instagram и нашем Telegram - канале