9.08.2019, 9:17
Оқылды: 414

БҚО-да 175 қалта ұрлығы тіркелген

Батыс Қазақстан облысының аумағында қалта ұрлығы толастар емес. Ағымдағы жылдың 7 айында 175 қалта ұрлығы тіркеуге алынды, деп хабарлайды БҚО ПД баспасөз қызметі.

kraja kowelka

Қалада ұрлық қылмысы негізінен қоғамдық жерлерде орын алып жатады. Қоғамдық көліктің салоны, базар, супермаркеттерде азаматтарға өздерімен бірге жүретін заттарына өте мұқият болу керектігі талап етіледі. Аталған жерлерге кірген кезде сөмкелерін, пакеттерін, т.б. қолға ұстайтын заттарын көзден таса қылмауы керек, киімдерінің қалтасын жауып, ұялы телефон мен ақшаны және басқа да бағалы заттарды киімнің артқы немесе жан қалтаға салмауы қажет. Банк карточкаларын пин-кодтарымен  (карточкаға жазылған немесе қағазға жазылған) сақтауға мүлдем болмайды.  Қоғамдық көліктерде уақтылы заттарының бар-жоғын тексеріп отыру қажет. Мұндай қауіпсіздік шаралары базарлар мен дүкендерде қолданылып отырғаны жөн. Ұйымдар мен мекемелердің киім шешетін бөлмелерінде тапсырғалы жатқан киіміңізде бағалы заттар мен құжаттарды қалдыруға болмайды. Сондай-ақ көпшіліктің көзінше әмияннан ақша санамаған абзал. Супермаркеттерде корзина ішіне жеке заттарды да салмай, сақтық шараларын қолдану сіздің қылмыс әлемінен алшақ болуға септігін тигізеді.

Аталған қылмыстарға мысал келтірер болсақ, жуырда шілденің 31 күні күндізгі уақытта белгісіз біреу қаладағы сауда үйлердің бірінде 1967 жылы туған азаматшаның сөмкесінен жасырын түрде «Каспий Голд» банкомат картасын ұрлап кеткен. Қолданылған шаралар барысында 1980 жылы туған азамат анықталып, ұсталды.

Сондай-ақ осыған ұқсас жағдай шілденің 21 күні қаладағы Мұхит көшесінің бойындағы «Береке» дүкенінің жанында еркін түрде 50 жасар қала тұрғының сөмкесінен «Халық банкі» банкомат картасын қолды қылып, артынан сол карта арқылы есеп шотынан 11 мың теңге ақшасын шешіп алған. Жедел іздестіру іс-шаралары нәтижесінде 1993 жылы туған азаматша анықталып, ұсталды. Ұрланған зат тәркіленді.

Аталған екі факті бойынша ҚР ҚК-нің 188-бабы 1-бөліміне сәйкес қылмыстық іс қозғалды. Тергеу жүргізілуде.

Құрметті облыс және қала тұрғындары, егер бір жоқтың барын сезген сәтте дереу полицияға хабарласқан жөн, бұл қылмысты ізін суытпай ашуына септігін тигізеді. Тек бірлескен жағдайда ғана ұрлықты тиімді түрде ашуға болады. Аталған қарапайым ережелерді сақтау қалта ұрлығы немесе бөтеннің мүлкін ұрлау қылмысын азайтуға мүмкіндік береді.

zhaikpress.kz

 

 

 

Узнайте первым о важных новостях Западного Казахстана на нашей странице
в Instagram и нашем Telegram - канале