14.09.2020, 12:36
Оқылды: 340

БҚО-да 2 мыңдай оқушы «Білім» тарифын пайдалануда

Қашықтан оқыту кезінде ұялы байланыс операторлары ұсынған құны арзан «Білім» тарифын облыс бойынша 2 мыңға жуық оқушы пайдалануда. Білім беру ұйымдары арқылы арзан тарифпен қамтылған оқушылар үшін мобильді қосымшамен сабақ оқу тиімді болып отыр.

Тариф

– Облыс бойынша 111 282 оқушы 380 мемлекеттік мектепте білім алуда. Штаттық  режимде қызмет ететін 248 мектепте оқушылардың 21,7%-ы (24 229) қамтылған. Оқушылардың 48,7 %-ы  (54 303) 132 мектепте қашықтан оқуда. Ата-ана өтініші бойынша 15-ке дейін бала саны бар кезекші сыныптар қызметіне рұқсат етілді. Бастауыш сынып оқушыларының 67,8%-ы, мектепалды даярлық сыныптарының 53,3%-ы  кезекші сыныптарда оқуда. Барлық мектепте санитарлық-эпидемиологиялық талап қатаң сақталуда, – деді өңірлік коммуникациялар қызметі өткізген брифингте облыстық білім басқармасының басшысы Айгүл Мыңбаева.

Басқарма басшысының мәліметіне сүйенсек, қашықтан білім алатын 37 311 оқушының үйінде дербес компьютерлік құрылғы бар. Қалған оқушыларға мектептердегі 9112 компьютерлік құрылғы үлестіріліп берілді. Бұл бағыттағы жұмыс жалғасуда. ҚР Үкіметі резервінен 14 970 компьютерлік құрылғыны (компьютерлер – 1558, ноутбуктер – 11 394, планшеттер – 2018) сатып алуға қаражат бөлінді. 8 қыркүйек күні 735 планшет Жаңақала мен Сырым аудандарына және Орал қаласына жеткізілді. Үкімет резервінен сатып алынатын компьютерлер облысқа 1 қазанға дейін жеткізіледі. Облыс бойынша қашықтан оқитын интернеті жоқ 3947 отбасына 3547  құрылғы таратылды, қосымша 400  құрылғы сатып алынады.

 

Нұртай Текебай,

zhaikpress.kz

Узнайте первым о важных новостях Западного Казахстана на нашей странице
в Instagram и нашем Telegram - канале