2.10.2018, 17:21
Оқылды: 64

БҚО-да 207 дәрігердің орны бос

Батыс Қазақстан облысында жалпы тәжірибедегі дәрігерлер, акушер-гинекологтар мен реаниматологтар тапшы. Бұл туралы БҚО әкімдігінің ресми сайтында жарияланды.

599479915611e-luchshij-vrach-novaja-usman_1200 (1)

         Алматы мен Ақтөбедегі жоғары оқу орындарының түлектерімен келіссөздер нәтижесінде биыл өңірге 100 жас маманды тарту жоспарланған. Күні бүгін 54 дәрігер емдеу мекемелеріне жұмысқа орналасқан. Қалғандары осы қазан айында келмек. Жас мамандар көтерме ақымен және баспанамен қамтылады. Мәселен, Бөрлі ауданында биыл дәрігерлерге 10 қызметтік пәтер бөлінген.

         – Бір дәрігерге бекітілген тұрғындар саны осыдан 3-4 жыл бұрын 2 мың жарым адам болса, бүгінде 2 мың адамды құрайды. Келешекте жүктеме мың жарымнан аспауы тиіс. Сонда медициналық көмек сапасы да жақсарады. Мамандар жетіспеушілігін жою мақсатында биыл бюджеттен 40 миллион теңге бөлінді. Бұл қаржыға 24 маманды резидентураға оқытуға жібердік. Олар таяу жылдары өңірімізге оралатын болады,- дейді облыстық денсаулық сақтау басқармасы басшысының орынбасары Гүлнәр Әбдірахманова.

zhaikpress.kz

Батыс Қазақстанның маңызды жаңалықтары біздің Telegram-парақшамызда. Жазылыңыздар!

 

Узнайте первым о важных новостях Западного Казахстана на нашей странице
в Instagram и нашем Telegram - канале