11.12.2017, 20:37
Оқылды: 75

БҚО-да 23 мектеп жаңа спорт жабдықтарын алды

received_10210614751457393БҚО Өңірлік коммуникациялар қызметінің алаңында өткен брифингте «Самұрық-Қазына» АҚ компаниялар тобы тарапынан «Менің елім» әлеуметтік инвестициялар бағдарламасы аясында облыста 2017 жылы атқарылған жұмыстар қорытындыланды.
received_10210614752377416«Биылдан бастап «Самұрық Қазына» компаниясымен тығыз қарым-қатынаста жұмыс атқарудамыз. Облыс басшылығы мен аталмыш компания арасындағы меморандумға сәйкес, бірқатар шаралар қолға алынды. Бағдарлама бойынша 500 миллионға жуық қаражат тартып, қаланың инфраструктурасына үлкен жобалар іске асырылды», - деген Орал қаласының әкімі Мұрат Мұқаев компаниямен бірге алдағы уақтытта да тығыз қарым-қатынаста жұмыстанатындарын айтты. "Самұрық-Қазына" АҚ Қазақстандағы үлкен 15 ұлттық компанияны топтастырған ірі холдинг екенін атап өткен «Samruk-Kazyna Trust» Қорының ресми өкілі-басқарушы директоры Л.Диас қор 2016 жылы "Менің елім" әлеуметтік инвестициялар бағдарламасын бастады деді. Батыс Қазақстан облысында холдингтің 5600 қызметкері (шамамен 8200 жанұя) тұрып жатыр. «Түзету мектептеріне және интернаттарға қажетті жабдықтар» жобасы бойынша облыстағы 3 түзету мектебі 22 млн. 982 мың теңгенің жаңа құрал-жабдықтарымен жарақтандырылған. «Ойын және спорттық алаңдарын орнату» бағдарламасы аясында Орал қаласында 7 спорттық және ойын алаңы салынған. «Жалпы орта білім беретін мектептерді спорт жабдықтарымен қамтамасыз ету» бағдарламасы шеңберінде облыс бойынша 20 мектеп «Биіктерге бірге!» байқауының нәтижесінде жаңа спорттық жабдықтармен қамытлған. Ал «Менің елім» жобасы аясында «Дара» қайырымдылық қорымен бірге жалпы сомасы 15 млн. 500 мың теңге қаржыға психологиялық-педагогикалық түзету кабинеті ашылған.

received_10210614752017407Брифингтен кейін қаладағы Оқушылар сарайында облыс әкімі Алтай Көлгіновтың қатысуымен орта білім беру ұйымдары арасында өткен «Биіктерге бірге!» үздік спорттық жоба байқауының жеңімпаздарына сертификаттар табысталды. Сондай-ақ журналистер «Samruk-Kazyna Trust» Қорының өкілдерімен бірге «Ақыл-ой кемістігі бар балаларға арналған облыстық арнайы мектеп-интернаты» КММ-інің тыныс-тіршілігімен танысып, балалардың ойын және спорттық алаңының ашылу рәсіміне қатысты.

Ясипа РАБАЕВА,

«Орал өңірі»

Узнайте первым о важных новостях Западного Казахстана на нашей странице
в Instagram и нашем Telegram - канале