17.04.2018, 12:34
Оқылды: 61

БҚО-да 25 нысандағы өрт қауіпсіздігі тексерілді

DSC_0162Жалпы 77 сауда және білім беру объектілерін тексеру жоспарланған. Бұл туралы облыстық төтенше жағдайлар департаменті хабарлады.

Тексерістер нәтижесінде 613 құқықбұзушылық анықталып, 573 805 теңгеге айыппұл салынған.

Төтеншеліктердің айтуынша, қауіпсіздік мәдениетін қалыптастыру мақсатында оқыту жұмыстары жүргізіледі. Әсіресе, балаларды оқытуға ерекше көңіл бөлінеді. Қазір ірі сауда орталықтарында күн сайын ТЖД қызметкерлері, блогерлер, бастамашы топтар кездесу өткізуде.

Барлық сауда объектілерінің тексерісін 27 сәуірге дейін аяқтау жоспарланған.

 

zhaikpress.kz

Узнайте первым о важных новостях Западного Казахстана на нашей странице
в Instagram и нашем Telegram - канале