1.06.2020, 12:39
Оқылды: 43

БҚО-да 3 науқас өкпені жасанды желдету аппаратына қосылған

Бұл туралы бүгін БҚО Өңірлік коммуникациялық қызметі ұйымдастырған онлайн брифингте БҚО денсаулық сақтау басқармасының басшысы Болатбек Каюпов айтты.

rsk_zko_20200601_4

- Өңірде коронавирус инфекциясына қатысты 665 жағдай тіркелді. Науқастардың ішінде 30 жағдай балаларға қатысты. Стационарда 300 адам ем алуда. Оның ішінде аурудың  симптомсыз түрімен - 135, жеңіл түрімен - 104, орташа түрімен - 57, ауыр түрімен - 4 науқас емделуде.
Сонымен қатар, 3 науқас өкпені жасанды желдету аппаратына қосылды. Емдеу диагностика және емдеу хаттамасына сәйкес жүргізілуде. Облыс бойынша инфекциядан көз жұму жағдайы 31 мамыр күні тіркелді. Жұқпадан көз жұмған азамат 1967 жылы туылған Орал қаласының тумасы. «Теңізшевройл» жауапкершілігі шектеулі серіктестігінде вахталық әдіспен жұмыс жасаған. Қайтыс болғаннан кейінгі диагнозы: Короновирус инфекциясы (назофарингиальды жағындының нәтижесі оң, талдаудың шығарылған күні - 22.05.2020ж.), ауыр дәрежелі. Екі жақты полисегментті интерстециалды пневмония, 3-ші дәрежедегі тыныс алу жетіспеушілігі. Қосымша созылмалы аурулары болмаған - деді Болатбек Амангелдіұлы.

zhaikpress.kz

Батыс Қазақстанның маңызды жаңалықтарын біздің Instagram-дағы парақшамыздан және Telegram арнамыздан алғашқы болып біліңіздер

Узнайте первым о важных новостях Западного Казахстана на нашей странице
в Instagram и нашем Telegram - канале