10.11.2017, 17:27
Оқылды: 51

БҚО-да 31 адамнан жұқпалы кесел анықталған

bb553ad8-71c8-405c-94d6-e54095002adcБүгін денсаулық сақтау мекемелері мен үкіметтік емес ұйымдардың және БАҚ өкілдерінің қатысуымен дөңгелек үстел өтті. 

Орталық мамандарының айтуынша, биылғы жылдың 31 қазанындағы жағдай бойынша Батыс Қазақстан облысында 1996 жылдан бастап АИТВ-мен өмір сүретін 568 адам анықталған. Жалпы, жыл сайын өңірімізде 35-40 адам АИТВ жұқпасын жұқтырады. Олардың 50 пайызы иньекциялық есірткі тұтыну арқылы, ал 46,7 пайызы жыныстық қатынас арқылы  жұқтырған.

Биылғы он айда жұқпалы кесел 31 адамнан анықталған. Қауіпті дертпен ауыратындардың орташа жасы 15-39 жас аралығында. Соңғы жылдары аталмыш кеселді жұқтырғандар қатарында қыз-келіншектердің артуы мамандардың алаңдаушылығын туғызып отыр. Нәзік жандылар көбіне қауіпті жұқпаны жыныстық жолдармен жұқтырады екен.

Динара ЖҰМАБЕКҚЫЗЫ,

«Орал өңірі»

 

Узнайте первым о важных новостях Западного Казахстана на нашей странице
в Instagram и нашем Telegram - канале