3.10.2019, 16:32
Оқылды: 331

БҚО-да 311 мектепте «Экологиялық сағат» акциясы өтті

Қазанның 3-і еліміздегі барлық мектепте «Экологиялық сағат» республикалық акциясы басталды. Осыған орай Орал қаласындағы №42 «Ақ ниет» гимназиясында экологиялық сағат ұйымдастырылып, оған облыс әкімі Ғали Есқалиев арнайы қатысты.

WhatsApp Image 2019-10-03 at 12.41.34

Жиында сөз алған өңір басшысы аталмыш акцияның экологиялық ахуалды жақсартуға, аймақтарды абаттандыруды жандандыруға қосар үлесі зор екенін атап өтті.

– 2014 жылдан бастап күні бүгінге дейін еліміз бойынша күз және көктем айларында «Бүкілқазақстандық орман отырғызу күні» акциясы тұрақты түрде өткізіліп келеді. Көптеген облыста, сондай-ақ қалалар мен елді мекендерде ағаш отырғызу бойынша іс-шаралар белсенді жүргізілуде. Ресми сарапшылардың пікірі мен жүргізілген зерттеулердің нәтижелеріне сүйенсек, Орал қаласы – еліміздегі ауа ластануы бойынша ең төменгі көрсеткішке ие шаһар. Яғни ол ең таза қалалардың көшбасында тұр. Туған өлкеміздің жасыл қала атануы да тегін емес. Қаламыздың таза әрі жасыл желекке оранған әдемі қалпын сақтау үшін табиғатты қорғауға, күтім жасауға жол ашатын шараларды жүйелі түрде өткізген дұрыс.

IMG-20191003-WA0172

Батыс Қазақстан облысының аумағы 151 339 шаршы шақырымды, ал мемлекеттік орман алқабы 216 851 гектар. Соның ішінде 89 418 га. тал-терекпен көмкерілген. Бұл облыс аумағының 0,59 пайызы. Республика бойынша басталған экологиялық сағат барысында облысымыздағы 311 мектепте тәрбие сағаты өткізіліп, жоғары сынып оқушылары 10 мыңға жуық ағаш отырғызбақ, - деді Ғали Есқалиев.

Шара барысында облыс әкімі арнайы ұйымдастырылған көрмені тамашалап, гимназия ауласындағы «Дарындылар аллеясына» көшет отырғызды.

WhatsApp Image 2019-10-03 at 12.41.03

№42 «Ақ ниет» гимназиясының директоры Ерік Темірғалиевтің айтуынша, жаратылыстану пәні мұғалімдері мен оқушылардың күш біріктіруімен жасақталған көрмеге түрлі республикалық байқауларда жүлделі орын алған ғылыми жобалар қойылған. Ал өңір басшысы ағаш отырғызған «Дарындылар аллеясы» мектеп қолданысқа берілген 2017 жылдан бастап бой көтерген екен.

– Аты айтып тұрғандай, аталған аллеяға мектепте үздік білімімен, белсенділігімен көзге түсіп, қатарынан оза шапқан шәкірттер, түрлі деңгейдегі олимпиадалар мен байқаулардың, спорттық сайыстардың жүлдегерлері ағаш отырғызу құрметіне ие болды. Экологиялық сағатқа облыс және қала басшылығының қатысуы экологиялық ахуал мемлекеттің басты назар аударып отырған бағыты екендігін балалардың санасына сіңіреді деп ойлаймын. Болашақта эко-сағат гимназиямызда бекітілген арнайы жоспар бойынша тоқсан сайын ұйымдастырылмақ, – дейді Ерік Жылқыбайұлы.

Аяужан Кереева

zhaikpress.kz

IMG-20191003-WA0105 IMG-20191003-WA0113 IMG-20191003-WA0144 IMG-20191003-WA0168 IMG-20191003-WA0173

Батыс Қазақстанның маңызды жаңалықтарын біздің Instagram-дағы парақшамыздан және Telegram арнамыздан алғашқы болып біліңіздер

Узнайте первым о важных новостях Западного Казахстана на нашей странице
в Instagram и нашем Telegram - канале