25.05.2020, 14:49
Оқылды: 145

БҚО-да 362 түлек «Алтын белгі» иегері атанды

Бұл жөнінде Батыс Қазақстан облысы білім басқармасының баспасөз қызметі хабарлады.

11b092249c47108e7ce08114c8b807aa

Биыл Батыс Қазақстан облысы бойынша 390 мектепте 108 мыңнан астам шəкірт оқу жылын аяқтады. Елімізде орын алған төтенше жағдайға байланысты наурыз айының ортасынан бастап білім беру ұйымдары қашықтан оқытуға көшкен еді.

Төтенше режимнің ұзаруы оқу жылының аяқталуын да қашықтан ұйымдастыруға əкелді. Әлеуметтік желілерде "Сәт сапар, жас түлек!", "Ұстаздарға мың алғыс", "Мектеп-білім ордасы", "Көңілді жазғы демалыс" (үздік мұғалімдер туралы, білім алушылардың жетістіктері туралы, өңірдің үздік білім беру жобалары және т. б.) білім беру мәселелеріне арналған сюжеттер жариялануда.

ҚР Білім жəне ғылым министрлігінің бекітуімен мемлекет төңірегіндегі барлық мектептерде оқу жылының аяқталуы онлайн жүйеде өтуде.

25 мамыр күні онлайн-сынып сағаты - 1-10 сыныптар үшін соңғы қоңырау мүмкіндігінше ата - аналардың қатысуымен, қонақ ретінде - қамқоршылық кеңесінің мүшелері, өңірдің танымал адамдары, өткен жылдардағы мектептердің табысты түлектері, еліміздің және әлемнің үздік университеттерінде оқитын, бизнес өкілдері, мемлекеттік қызметкерлердің шақырылуымен онлайн түрде өткізілуде.

Облыс бойынша 2020 жылғы мектеп бітірушілер саны - 5 142. Оның ішінде 362 түлек «Алтын белгі» иегері және 223 түлек Үздік аттестат иегері атанды.

zhaikpress.kz

Узнайте первым о важных новостях Западного Казахстана на нашей странице
в Instagram и нашем Telegram - канале