5.09.2018, 18:21
Оқылды: 46

БҚО-да 38 177 тұрғынның мәртебесі анықталған

Бүгін облыс әкімдігінде облыс әкімінің орынбасары Бибігүл Қонысбаеваның төрайымдылығымен өңірдегі бейресми жұмыспен қамтылған халықты рәсімдеу және жаппай кәсіпкерлікті дамыту бағдарламасының іске асырылуы туралы селекторлық кеңес өтті. Кеңеске бейнебайланыс арқылы облыс аудандарының  сала мамандары қосылды.

Темирболат Токмамбетов2

Облыста жыл басынан бері 90 918 тұлғаның мәртебелерін анықтау қажет болса, бүгінде оның 38 177-сінің мәртебесі анықталған. Мәртебелері анықталмаған тұлғалар қатарындағы 12 953-і бейресми жұмыспен қамтылған азаматтар, олар сауалнама кезінде өздерін міндетті зейнетақысы жоқ жұмыс жасайтындар және тіркелмеген жеке кәсіпкерлер есебінде жариялаған. 18 313-і нәтижесіз өзін-өзі жұмыспен қамтығандар және тіркелмеген жұмыссыздар екен. Ал 3095-і студенттер мен қоныс аударғандар, қайтыс болғандар. Үй шаруасындағы әйелдер саны 17198 . Сондай-ақ 1176 тұлғаның мәртебелері анықталмағандығы сөз болды.

Гүлсезім БИЯШЕВА,

Zhaikpress.kz

 

Узнайте первым о важных новостях Западного Казахстана на нашей странице
в Instagram и нашем Telegram - канале