11.09.2018, 17:00
Оқылды: 71

БҚО-да 38 374 тұлғаның мәртебесі анықталды

Міндетті әлеуметтік медициналық  сақтандыру жүйесіне  көшуге әзірлік жұмыстары барысында 2017 жылдың сәуір айынан бастап  198 349 адамның мәртебесі анықталған.

6mo4h7GUlZE (1)

Бұл туралы өңірлік коммуникациялар қызметі алаңында өткен кезекті баспасөз мәслихатында  Батыс Қазақстан облысының жұмыспен қамтуды үйлестіру  және  әлеуметтік бағдарламалар басқармасының басшысы Қалияр Айтмухамбетов айтты. Ол өз сөзінде облыс бойынша бейресми жұмыспен қамтылған  халықты рәсімдеу және ел экономикасына тарту Жол картасының жүзеге асырылуы жөнінде толығырақ баяндады.

- Биыл елімізде міндетті әлеуметтік медициналық сақтандыру жүйесіне көшу жоспарланған болатын. Алайда аталған жүйеге көптеген мәртебесі белгісіз азаматтар қол жеткізе алмауына байланысты алдағы уақытқа ауыстырылды. Бұл нысаналы топтарға жататындар міндетті зейнетақы жарнасыз жұмыс жасайтын жалдамалы жұмысшылар, жұмыспен қамту орталықтарында тіркелмеген жұмыссыздар және  өзін-өзі нәтижесіз жұмыспен қамтығандар болып отыр. 2017 жылдың соңында  жоғарыда аталған 198 349 адамның  107 426-ның (54,2%) мәртебесі өзектендірілді, - дейді Қалияр Шадиярұлы. Биылдан бастап мемлекеттік құрылымдардың дерекқорларында 90 923 тұлғаның мәртебесін анықтау қажет болса, күні бүгінге дейін 38 374 тұлғаның мәртебесі анықталған. Спикердің сөзінше, «Бейресми жұмыспен қамтылғандардың қызметін заңдастыру сұрақтары бойынша ҚР заң актілеріне өзгеріс енгізу туралы» Заң жобасы жасақталуда. Заң жобасының аясында арнайы салықтық режим - біріңғай жиынтық төлемді енгізу ұсынылуда. Бұл жиынтық төлем  өзін-өзі жұмыспен қамтыған азаматтардың қызметін автоматты түрде тіркеуді жүргізеді.

Баспасөз мәслихатында Қалияр Шадиярұлы облыста нәтижелі жұмыспен қамтуды және жаппай кәсіпкерлікті дамытудың 2017-2021 жылдарға арналған бағдарламаның жүзеге асырылу барысына да тоқталды. Оның айтуынша, бұл жұмыстар үшін республикалық бюджет есебінен 4 614,8 млн. теңге, жалпы трансферттер есебінен 1494,5 млн. теңге бөлінген. Аталмыш бағдарлама аясында жыл басынан бері 8940 адам жұмысқа, оның ішінде  6694 адам тұрақты жұмысқа орналасып, нәпақасын тауып жүр. Облыста техникалық және кәсіптік біліммен және қысқа мерзімді кәсіптік оқытумен қамтамасыз ету де бір жолға қойылған. Мәселен, облыстың 23 колледжі мен 13 оқу орталығына жұмысшы кадрларды еңбек нарығында сұранысқа ие мамандықтар бойынша қысқа мерзімді кәсіптік оқытуға 1500 адамды жолдау мақсатында 167,5 млн. теңге бөлініген. Халықты жұмыспен қамтуға жәрдемдесу және еңбек ресурстарының ұтқырлығын арттыру арқылы еңбек нарығын дамыту бағытындағы жұмыстар жөнінде де ақпарат берді.

Ясипа РАБАЕВА,

Zhaikpress.kz

Узнайте первым о важных новостях Западного Казахстана на нашей странице
в Instagram и нашем Telegram - канале