20.02.2018, 10:14
Оқылды: 70

БҚО-да 500-ге жуық киікті атқандар сотталды

БҚО қылмыстық істер жөніндегі мамандандырылған ауданаралық сотының үкімімен киік атумен айналысқан қылмыстық топ сотталды, - деп хабарлайды Қазақпарат тілшісі.

«Охотзоопром» ӨБ» РМҚК қызметкері Нұрғазы Садықов киікті қорғаудың орнына қызмет бабын пайдаланып, топ ұйымдастырған. Осылайша, Қазталов, Бөкей ордасы, Жәнібек аудандары мен Атырау облысы аумағында аталмыш топ 2016 жылдың сәуірінен 2017 жылдың маусымына дейін 500-ге жуық киіктің көзін жойған.

Н.Садықов мүлкін тәркілеумен бірге 8 жылға бас бостандығынан айыру жазасын қауіпсіздігі жоғары қылмыстық-атқару жүйесі мекемесінде өтеуге сотталды.

Ал топ мүшелері Махамбет Айшев 7 жылға, Әлішер Жанғабаев пен Аслан Тайғаренов 6 және Еділ Қадыров 5 жылға  бас бостандығынан айыру жазасын қауіпсіздігі орта қылмыстық-атқару жүйесінде өтеуге сотталды. Ұйымдасқан қылмыстық топқа қатысы дәлелденбегендіктен, Нұржан Дүйсенғалиев сот залынан босатылды.  Әйтсе де ҚР ҚК 339-бабына сәйкес оның екі жылға бас бостандығы шектелді.

Сот үкімі заңды күшіне енген жоқ. Еске сала кетейік, өткен жылы 19 маусым күні Қазталов ауданында киік аулаумен айналысқан ұйымдасқан топ мүшелері қолға түскенін жазған болатынбыз.

zhaikpress.kz

20180219_160339

Узнайте первым о важных новостях Западного Казахстана на нашей странице
в Instagram и нашем Telegram - канале