28.05.2018, 18:07
Оқылды: 57

БҚО-да 503,7 миллион теңге игерілмей қалған

2018-05-28-18-03-30-482Бұл жөнінде БҚО қоғамдық кеңесінің кеңейтілген отырысында былтырғы облыстық бюждеттің орындалуы жөнінде есеп берген облыстық қаржы басқармасының басшысы Дулат Имашев хабарлады.

– 2017 жылға арналған облыстық бюджеттің түсімдер жоспары 119,0 млрд.теңгеге бекітілгенімен, нақтылау мен түзетулер нәтижесінде 26,2 млрд.теңгеге ұлғайтылып, облыстық бюджет 145,3 млрд.теңгеге толықты. Облыстық бюджеттің негізгі кіріс көздерін республикалық бюджеттен бөлінетін трансферттер мен субвенциялар және салықтық түсімдер құрады.

Республикалық бюджеттен ағымдағы нысаналы трансферттер және даму трансферттері 36,6 млрд. теңге сомасында қарастырылып, толықтай бюджетке түстіСубвенциялар 47,5 млрд.теңгені құрады. Сонымен қатар облыстық бюджетке төмен тұрған бюджеттерден 916,3 млн. теңге көлемінде нысаналы трансферттер қайтарылды. 2017 жылы жергілікті бюджеттен бөлінген бюджеттік кредиттердің 3,6 млрд. теңге сомасы немесе 100 пайызы өтелді. Бюджет қаражаттарының бос қалдықтары – 8,8 млрд. теңге. Жыл бойына облыстық бюджетке 4 нақтылау мен 7 түзету жүргізілді.

Облыстық бюджеттің шығыс бөлігі 144,7 млрд. теңгеге немесе 99,7 пайызға орындалды. 503,7 млн. теңге игерілмей қалған. Орал қаласындағы үш мектептің құрылысынан 236,7 млн. теңге, Орал қаласының жылу электр орталығына тартылған магистральді және жеткізу газ құбырынан 195 млн., жұмыспен қамтуды үйлестіру және әлеуметтік бадарламалар басқармасы автокөлік сатып алу бойынша конкурстық рәсімдердің ұзақ өткізілуі және тауарлардың уақтылы жеткізілмеуінен 13,6 млн. теңге қаржы игерілмей қалған. Ал үнемделген қаржы – 54,3 млн. теңге. Жалпы игерілмеген қаржының ішінде нысаналы трансферттер 213,3 млн. теңгені немесе 42,3 пайызды құрады, – деді Дулат Имашев.

Басқарма басшысы кейін білім, денсаулық және әлеуметтік салалар бойынша қаражаттың жұмсалуы жөнінде баяндады. Облыстық қоғамдық кеңес мүшелері әлеуметтік нысандар құрылысы жүргізілер алдында қоғамдық бақылауды күшейту, туризм саласы бойынша бөлінген қаражаттың есебін нақтылауды ұсынды.

Нұртай Текебаев

zhaikpress.kz

Узнайте первым о важных новостях Западного Казахстана на нашей странице
в Instagram и нашем Telegram - канале